контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА ота блогы есеп беруде
25-01-2016 09:16
№3 ПҚА ота блогы есеп беруде

Осының алдында Сіздерді хабардар еткеніміздей, №3 Павлодар қалалық ауруханасында есептік кездесулер өткізіліп жатыр. Айтар болсақ, бұл жерде бөлімше меңгерушілері өткен жыл үшін ұжымның қызметі туралы толық ақпаратты баян етті.

Жуырда, әріптестері алдында өзінің есебімен №3 ПҚА ота блогы меңгерушісі Н.Қ. Ахметов сөз алып, қайырылған істің басын ашты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, артта қалған жылы аурухананың хирург дәрігерлерімен 1394 ота жасалыныпты.

Үшінші аурухананың ота блогы соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған, сонымен қатар артта емес, алда жүру мақсатында үнемі жаңа аппаратуралар мен қолда бар жабдықтарға толымдаушы заттар алынып отырады. Бұл техникалар ауруханаға толықтай шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Меңгеруші жетекші өндірушілердің ультрадыбыстық қайшыларынан, наркоздық-тыныс алу аппаратураларынан, зарарсыздандыру камераларынан тұратын бейнеэндохирургиялық кешендерін слайд түрінде ұсынды.

Осы тұрғыда, ота блогы қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейлерін атап кетпеске болмайды. Жоғары санаттағы дәрігерді айтпағанда, алты мейірбикенің бесеуінде де жоғары біліктіліктері бар. Мейірбикелер мен кіші буын медицина қызметкерлері бұл жерде жасалатын өте қиын оталардың сәтті жүргізілуіне қолдан келер барлық жағдайларды жасап, ерінбей еңбек етуде.

К. Апаев