«Қазақстан-Павлодар» телеарнасындағы «Уақыт - керуен» және «День за днем» қорытынды бағдарламаларында №3 Қалалық ауруханасының эндокринологиялық бөлімшесінде түсірілген сюжеттер көрсетілді.
Сюжетте облыстың жалғыз эндокринологиялық бөлімшесінің қызметіне ерекше мән берілді. Мамандар атап өткендей, ең қиыны, осы сырқатқа шалдыққандар саны аймақта жылдан жылға артуда екен. Осы тұрғыда, бөлімше дәрігерлері және Диабет мектебінің нұсқаушысы инсулин терапиясы мен дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар беруден жалығар емес.
Бұл түсірілімге эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі Г.Қ. Мейрамова, эндокринолог дәрігер А.Қ. Байтанауова, нұсқаушы Т. Королева, мейірбикелер мен қант диабетімен сырқаттанған пациенттер қатысты. Әр адам салауатты өмір салтын ұстану қажетілігі – сау болудың кепілі екендігін естен шығармауға тиісті. Бұл дегеніміз, спортпен шұғылданып, күйзеліс дегеннен аулақ болып, денсаулық жайында көптеген мағлұматтарға қанық болу, батпаңдап кіріп, мысқалдап шығатын кез-келген ауруды алдын алу.
К. Апаев