№3 ПҚА эпидемиолог дәрігері Л.С. Каримова 2016 жылғы үшінші ақпан күні республикалық 31-арнаның сюжеттінде тұмау мен ЖРВЖ алдын алу сұрақтары бойынша сөз қозғады.
Доктор тұмау мен ЖРВЖ бойынша эпидемиологиялық жағдайды түсіндіре отырып, суық тиюдің, ЖРВЖ-ның және тұмаудың белгілерін айқындап берді. Түсінікті тілмен жалпытоксикалық, респираторлық-катаралды және жұқпалы-аллергендік синдромдардың арасындағы шекті жеткізе білді.
Жұқпа бойынша дәрігер әсіресе сырқаттың ерте диагностикасының қажеттілігіне мағына берді, сондай-ақ жүкті әйелдерге вирусқа қарсы терапия бойынша берілетін ерекше кеңестерді айта кетті. Тұмау асқынулармен қауіпті болатындықтан, эпидемиолог жұқпаны алдын алу әдісінің жалғыз жолы ол – вакциналау деді.
Дәрігер Л.С. Каримова жұмыс жасайтын ауруханада тұмау мен ЖРВЖ алдын алу сұрақтары әрқашан бақылауда: маусым басталғаннан бері бөлімшелерде емделушілермен лекциялар, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Ал дәрігерлерге семинар-тренингтер өткізіліп, мейірбикелер мен кіші буын медицина қызметкерлері үшін конференция ұйымдастырылды.
Дәл осы іспетті жұмыстар №3 ПҚА оң нәтижелер беріп, тұмаурату пайызы анағұрлым төмен деңгейде. Каримовадан тұрғындарға айтылар кеңес қарапайым: маска кию қажет, бөлмені жиі желдету, көпшілік жиналатын іс-шараларға қатыспау, оксолин майын мұрынға жағып жүрі.
К. Апаев