контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Жаңа Еңбек Кодексі талқыланды
16-02-2016 18:57
Жаңа Еңбек Кодексі талқыланды

8 ақпан күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында ұжымның қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі қарастырылды.

Еңбек қарым-қатынас жүйесін жаңартуға бағытталған және 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Жаңа Еңбек Кодексін талқылау шарасында Қызметкер мен Жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынасындағы негізгі өзгерістер жария болды. Кезекті еңбек демалыстарының ұсынылуы, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау сұрақтары, екі жақтың материалдық жауапкершілігі, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, медициналық мекемелердегі еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайлардың тергелуі мен есебі және осылар іспетті көптеген басқа да жағдайлар бойынша сұрақтар бір сағаттың ішінде талқыға салынып, қарастырылды.

№3 ПҚА қызметкерлерін ең әуелі нақты бір жағдайлардағы Еңбек заңнамасындағы өзгертулердің қандай әсер беретіні туралы сауал қызықтырды. Медициналық мекеме қызметкерлері жолдаған көкейкесті сұрақтарға түбегейлі жауаптар берілді.

К. Апаев