№3 Павлодар қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушілері өткен жылы жасалынған істер туралы есеп беруде. Солай, жуырда әріптестері алдында қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Мәдина Нұриқызы Әміренова сөз алып, өткен жылдың есебін берді.
Павлодар қаласының №3 Қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесі 230 төсек орын қуаттылығындағы көпбейінді стационарға қызмет көрсетіп, тәулік бойы науқастарды жоспарлы және шұғыл түрде қабылдауды қамтамасыз етуде. Науқастар емінің сәтті жүргізілуі көбінде осы бөлімнің дұрыс және жедел жұмысына байланысты.
Жалпы, 2015 жылы №3 ПҚА медициналық көмекке 15118 пациент жүгінген. Әміренованың берген мәліметі бойынша, оның ішіндегі 11871 шұғыл, 3247 жоспарлы түрде түскен науқастар. Күндізгі стационардан 1109 пациент ем қабылдап шығыпты. 2015 жылы портал бойынша 2138 адам емге жатқызылған. Қабылдау бөлімшесінде емделушілерді қабылдауға арналған жеке токсикологиялық пост қызмет етуде, олар үшін медициналық көмек көрсететін 2 диагностикалық кереует бар. Токсикологиялық посттың барлық бөлімшелермен телефондық байланысы жөнделген. Есеп слайд көрсетумен жалғасын тауып, сол себепті де материалды қабылдауға оңай болды.
Жыл бойы 25 адам еңбек ететін, қабылдау бөлімшесінің ұжымы мәдени-көпшілік іс-шаралардың жүргізілуіне септігін тигізіп, дәрігерлік және мейірбикелік конференциялар мен семинарлардан қалған емес. Қабылдау бөлімшесі – бұл аурухананың жұмыс қызған жері, тек біріккен еңбек қана сәтті істің кепілі болмақ.
К. Апаев