№3 Павлодар қалалық ауруханасында 1 наурыз күні Ашық есік күні өтетіні туралы ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған болатын.
Таңғы мезгілде аурухананың бірінші қабатында қалалықтарды қабылдау үшін үстелдер қойылды. Қайырымдылық акциясының ашылу рәсімі толықтай ойластырылған. Ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ықтимал емделушілермен кездесуге дайындықпен келген екен. Батурин, Ледовского көшелерінің жақын маңдағы үйлерінен келген аға буын павлодарлықтар ертерек жария етілген адам көңілін табатын акцияға емдеу мекемесіне тартылды.
Шынтуайтында, жүрек қалауы және қайырымдылық ғажайыпқа бастайды. Медицина қызметкерлері әже мен аталардың артериалды қысымын өлшеп, олардың әрқайсысына дұрыс тамақтану бойынша кеңестер берілді. Кей қарттар қан талдамасын тапсыруға жіберілді. Бұл күні ауруханаға жүгінген барлық адамдар дәрігерлердің қабылдауына да, сырлас құрғанына да, кеңестерге де риза болып қайтты.
К. Апаев