№3 Павлодар қалалық ауруханасында есептік кампания аяқталуға жақын, соның аясында әріптестер алдында бөлімше меңгерушілері сөз алды. Сонымен, жуырда өткен жылдағы жасалған жұмыстар жөнінде анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Павлов айтып берді.
Бұл бөлімшенің миссиясы – сырқат, жарақат немесе шұғыл араласу салдарынан емделуші өмірінің сақтаужүйесін қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұру. Науқасты шектімежедегі ахуалынан шығару бойынша шара қабылдау және қолдану кешені – Анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесінің басты міндеті. Басқаша айтқанда, өмірі қыл үстінде тұрған адам жанына араша түсетін жер, дәл осы жер.
Баяндамашы сенімді сандардан құралған толық картинаны ұжымға ұсынды. Оның ішінде – мамандармен қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлері санатының болуы. Сонымен қатар, Павлов дәрігер мәселелердің де жоқ еместігін жасырмады. Оның айтуы бойынша, көп істің басы қайырылды, десе де, №3 ПҚА анестезиологтары мен реаниматологтарын алдағы уақыттарда 2016 жылға қойылған зор міндеттер күтіп тұр.
К. Апаев