Павлодар қаласының Үшінші ауруханасында өткен дәрігерлік конференцияда атқарылған жұмыстар жөніндегі есеппен терапия бөлімшесінің меңгерушісі Н.К. Смағұлова сөз алды.
Бөлімшеде 30 төсек орын жайылған, оның 20-сы терапиялық төсек орын, 10-ы токсикологиялық. Науқастар 10 палатаға жатқызылған, оның үшеуі екіорындық палата. Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін жеке палата бөлінген және туберкулезбен ауыратын науқастар үшін оқшаулағыш палата бар. Павлодар қаласы мен Павлодар облысы аймақтарындағы токсикологиялық бейінді науқастармен кеңес жүргізу үшін санитарлық авиация желісі бойынша тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бір жылда әртүрлі аудандардан емделушілердің содан кейінгі тасымалдануымен 33 шақыртулар келіп түскен (2014 жыл үшін бұл көрсеткіш 23-ті құраған еді), сондай-ақ, телефон байланысы арқылы және телемедицина бойынша кеңестер жүзеге асырылып жатыр. Байланыс арналары бойынша ұсынылатын ақпараттық-кеңестік көмек, химиялық әсер ету жағдайында шұғыл диагностикалық, емдік және алдын алу шаралардың дер кезінде және сауатты жасалуына мүмкіндік береді.
Терапиялық бөлімшеде 22 медициналық қызметкер еңбек етуде: екі дәрігер, он мейірбике, он кіші буын медицина қызметкері. Бөлімше меңгерушісі мәселелерді айқындап алып, көп параметрлер бойынша жұмыс талдамасын жасады.
К. Апаев