Облыстың жалғыз эндокринологиялық бөлімшесі эндокриндік ауытқулары бар науқастарға медициналық қызмет көрсететін №3 ПҚА бөлімшесі болып табылады. Жуырда бөлімше меңгерушісі Г.Қ. Мейрамова өткен жылда жасалған жұмыстар жөніндегі есебімен сөз алды.
облыстың штаттан тыс бар эндокринологы соңғы үш жылға талдама жасады. Сандар салыстыруда сыналады дегендей, егер 2014 жылы облыста қант диабетімен 14581 адам науқастанса, бүгінгі бұл сандық көрсеткіш 14866-ға дейін өскен. Ауру өсімі республикалықта масштабта да, облыстық масштабта да байқалады. Бөлімшеде «Диабет» ақпараттық-аналитикалық орталығы (ДААО) құрылған, бұл жерде қант диабеті бірінші рет анықталған науқастарды тіркейді. ДААО Ұлттық Тіркелімнің қызмет етуін қамтамасыз етеді. бөлімше меңгерушісі Г.Қ. Мейрамова жас дәрігерлерге білген-түйгенін үйретіп, өзінің көпжылғы тәжірибесімен бөлісуде, сонымен қатар, дәрігерлер үшін республикалық эндокринолог ғылымдардың қатысуымен конференция жүргізеді. Диабет мектебінің нұсқаушысы емделушілерге үй жағдайында қант диабетімен өмір сүруге қалай машықтану керектігіне үйретеді.
Эндокринологиялық қызметтің жұмысы бақылауда – дәл осылай меңгерушінің баяндамасын сипаттауға болады. Бұл сөздің нақ дәлелі №3 ПҚА сайтына мереке қарсаңында келіп түскен құттықтау хаттары болмақ. Сөзбе-сөз жеткізсек: №3 аурухананың дәрігер Гүлнәр Қадыргелдықызы Мейрамованың басшылығындағы эндокринологиялық бөлімшенің түгел медицина қызметкерлерін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор алғыс білдіремін! Сіздердің кәсіпке деген шын ынталарыңызға, әр науқасқа деген кішіпейілділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңызға басымды иемін. Сіздердің аялы алақандарыңыз біз, емделушілер үшін деніне саулық, жанына сая іспетті. Отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге күлкі тілеймін.
Бұл сөздерге Үшінші ауруханада ем қабылдаған ондаған, жүздеген емделушілер қосылатынына сенеміз.
К. Апаев