Ақтөбе қаласындағы террорлық әрекетке байланысты ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қаулысымен 9-маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 5 маусым күні Ақтөбе қаласында орын алған қанды оқиғадан көп адам зардап шеккені белгілі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында 40 тәулікке дейін террорлық қауіптің «сары» түсі енгізілді. Біздің елдің азаматтары лаңкестің әрекетті ұйымдастырғандарды айыптап, теракт салдарынан қайтыс болған адамдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып жатты. №3 Павлодар қалалық ауруханасында ұлттық аза тұту күнінде тәулік бойы ғимарат басында ілулі тұрған Мемлекеттік Ту түсірілді. Аурухананың веб-сайты қара-ала түске ауыстырылды. Бас парақшасында келесідей мәтіндегі баннер енгізілді: Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты, Қазақстанда 9-маусым – Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Сайт редакторы баннерге ratel.kz. гиперсілтеме жасады.
К. Апаев