Республика бойынша дүркіреп өткен «Денсаулық фестивалі» де өз мәресіне жетті. 6-нан 11-ші маусым аралығында денсаулықты насихаттау мен нығайту бойынша іс-шаралар көптеп өткізілді. №3 Павлодар қалалық ауруханасы денсаулық фестиваліне белсене қатысты. Айтар болсақ, 6 маусым күні жұмыс аптасы қызметкерлер үшін аурухана алаңындағы өндірістік дене шынықтырудан басталып, науқастардың назарына ілікті. «Если хочешь быть здоров – закаляйся...» ырғақты әні мәжіліс залынан естілгені соншалықты, тіпті аурухананың барлық қабаттарына жетті. Кейін, денені шынықтыратын жаттығулар бөлімше бойынша бір жұма бойы емделушілердің қатысуымен өткізіліп отырды. Ал жүргізілген тренингтермен, кеңестермен, бейнероликтермен шараның мағынасы артта түсті. Денсаулық Фестивалі аптасының аяқталу күнінде, 11 маусымда аурухананың спорттық командасы Павлодар облысы медицина қызметкерлері арасында өткізілген V облыстық Спартакиадада бас көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Ең басты мәселе, шыбын-шіркейлердің шабуылына төтеп бере аламыз ба деген сұрақ бәрін мазалаға еді. Бұл жолы қала әкімшілігі жағдайды өз қолдарына алып, спорт алаңы қансорғыштардан тазартылып қойылыпты. Соның арқасында қатысушылар да, жанкүйерлер де рахаттана мереке қызығына бөленді десе болар. Әсіресе, арқан тарту және армреслинг сайысының жақтаушылары көп болғандығы бұл спорт түрінің көпшілікті қызықтыратындығын білдірді. Біздің қатысушылар бірінші кезеңдегі жетістіктерге рухтанып, келесі жеңістерді шыдамсыздана күтті. Ең бастысы, жиналған қауымның мерекені қызықтағаны, ісем ән мен тәтті күйге бөленгені және әріптестермен құрған әңгімелері салтанаттың көрігін қыздырды.