29 маусым күні №3 Павлодар қалалық ауруханасында өткен дәрігерлік конференцияда қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандырылу сұрағы талқыланды. ҚР «Қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандырылуы туралы» Заңына сәйкес, қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандырылу Келісімшарт жасау әрбір жұмыс беруші үшін міндетті болады. «КСЖ Мемлекеттік аннуитетті компанияны» таныстыра отырып, өкілдер аурухана қызметкерлерінің назарын сақтандыру компаниясын қалай дұрыс таңдауға, қазақстандық нарықтағы сақтандыру компаниялары қандай талаптарға сай болуы керек сияқты мәселелерге аударды. Барлық сақтандыру компанияларының веб-сайттары бар, ол жерден келісімшарт жасасқанға дейінгі барлық мәліметтерді толыққанды алуға болады. Анағұрлым нақтырақ сақтандыру шарттары түсіндірілді: мерзімі, сақтандыру сыйақының көлемі, сақтандыру сомасы мен сұрақтың заңдық аспектілері. Бұл күні дәрігерлер қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру сияқты маңызды мәселеде келтірілген мысалдардан үлкен сабақ алды десе болар.
К. Апаев