№3 Павлодар қалалық ауруханасында күйдіргіні алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Бұл эпидемияның әлеуетті зоналары. Бактерия ұйқылы жағдайда жерде өмір сүре береді. Тек тірі ағзаға енсе болғаны, ол сол тірі ағзаны зақымдап, соңы өлімге әкеп соғады. Бағымызға қарай, бұл вирустан айығудың вакцинасы бар, сол себепті аурудың өршуін болдырмау әбден мүмкін. №3 ПҚА эпидемиолог дәрігері Л.С. Каримова әріптестерін сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныс қылды, алдын алу шараларына ветеринарлық және медициналық-санитарлық іс-шаралар кіретінін де айтты. Ветеринарлық қызмет малдың анықталуын, есебін, жоспарлы иммундауын жүзеге асырады, мал қорымы мен жайлауды бақылайды. Сырқат адамдарды анықтауды, олардың емдеуге жатқызылуын, жұқпа көзіндегі іс-шаралардың жүргізілуін медициналық қызмет іске асырады. Вакцинациялық алдын алу күйдіргімен қағынуға ұшырау қауіпі жоғары белгілі кәсіп тұлғалары арасында жүргізіледі. Аурухананың медициналық ұжымы түгелдей аса қауіпті жұқпа болып табылатын сібір жарасының клиникасын, эпидемиологиясын, әрекет алгортимін білулері қажет.