27 шілде күні №3 Павлодар қалалық ауруханасында «Аллергиялық реакция. Анафилаксия» тақырыбында мейірбикелік конференция болып өтті. Жиынды инсульт орталығының мейірбикелер ұжымы ұйымдастырды. Инсульт орталығының мейірбикелері Е.Б. Лунегова мен Е.О. Петровамен дайындалған тамаша презентация өзінің мазмұндылығымен, айқын суреттердің іріктеп алынуымен ерекшеленді десе болады. Айтар болсақ, аллергиялық реакция ауыр және жеңіл түрде өтеді. Көбінде аллергия түшкіру, қышу, көздің жасаурауы сияқты белгілерінен көрінеді. Ауыр түрде болатын реакция, өлім-жітімге әкеп соғуы да әбден мүмкін. Сол уақытта адамда қан қысымының айырмасы, демалысының ауырлығы, жүрек жұмысының нашарлауы байқалады. Ауыр аллергиялық реакция анафилаксия деп аталады. Шартталған антигенмен туындалған кез келген аллергиялық реакция болғандықтан, онда аллергенді анықтау арқылы диагноз қоюға болады. Аллергенді дұрыс анықтау үшін, арнайы сауалнамалар жүргізіледі. Асқынудың анағұрлым ең ауыр түрі ол дәрілік аллергия, шамамен 10-20 пайыз жағдайы өлім-жітіммен аяқталады. Анафилаксиялық шок жағдайының таралуы: жылына 100 мың адамға бес жағдайдан. Анафилаксияға көбінде жас адамдар және әйелдер шалдығады. Анафилаксиялық шоктың пайда болу жылдамдығы – аллергенмен байланыс жасағаннан бастап, бірнеше секундт уақыттан бес сағатқа дейін. Анафилаксиялық шоктың ең бірінші себебі адам ағзасына удың енуі болуы мүмкін, мысалға, жылан шағып алған кезде. Соңғы жылдары анафилаксиялық шок жиі терапиялық араласу – дәрі-дәрмек қолдану кезінде байқала бастады. Өзекті тақырып маңызды түрде осы семинарда зерделенді. Конференцияның алдында және аяғында сауалнама жүргізу, жағдайды талқылау – осының барлығы материалдың жақсы меңгерілуіне септігін тигізді. Жиынға қатысқан 88 адамның барлығы өз білгендерін ортаға салып, білмегендерін үйреніп қайтты.
К. Апаев