Жуырда аурухананың мәжіліс залында мейірбикелердің кезекті семинарларында "Эндоскопиялық манипуляция кезіндегі ауруханаішілік жұқпаны алдын алудың өзекті сұрақтары" атты тақырып талқыға салынды. Диагностикалық бөлімшенің аға мейірбикесі Ұ.Қ. Ахметовамен дайындалған материал өзінің нақтылығымен, мазмұнды болуымен ерекшеленді. Отыздан аса слайд тақырыпты аша түсті. Одан басқа, баяндамашы И.П. Шкарупа жұрт алдында сөз бастай отырып, Эндоскопиялық шара ол хирургиялық араласу және Ол кезде құрылғы сілеймелі қабықшамен байланыс жасайды, ем-шара кезінде биопсия алынады, сондай-ақ, толықтай оның бұзылуына әкеп соғады. Сол уақытта адамның сау сілеймелі қабықшамен де, оның зақымдалу кезінде де жұқпамен ауырып қалу қауіпі жоғары. Сол себепті де, әзірге эндоскопиялық манипуляция жұқпалы-қауіпті ем-шара ықтимал болып табылады. Нормативтік құжаттарға сүйенген баяндамашы: санитарлық-гигиеналық режим сақталса, қол жуылып өнделсе, зарарсыздандырылған материал мен құралдар ғана пайдаланылса, үй-жайдың санитарлық жағдайына көңіл бөлінсе – осының барлығы АІЖ алдын алуының кепілі болмақ. Экран бетінде қолдың графикалық кескіні көрсетілді. Қол жуу кезінде жиі кездесетін қателіктер бөлініп шығарылды. Эндоскоптарды өндейтін медициналық қызметкер алдымен үстіне халат киіп, жеке сақтану заттарын қолдануы (қолғап, маска, көзілдірік немесе қалқан) қажет. Ол сол заттар арқылы өзін де өзгені де жұқпадан қорғайды. Терінің және сілеймелі қабықшаның сыртқы бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бірреттік қолданылатын заттармен жүзеге асырылады. Семинар жұмысына ауруханың эпидемиолог дәрігері Л. Каримова қатысты. Шара соңында, ұйымдастырушылар қатысушылардың бөлімшеде санитарлық-гигиеналық режимін сақталуына білімдерін тексеретін сауалнама жүргізді.
К. Апаев