Осыдан он жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультті ғаламдық індет деп жариялап, 29-қазан күнін инсультпен күрес күні деп бекітті. Сол бойынша құрылған кампания тұрғындардың инсульт туралы хабардар болуын және оның алдын алуын кеңейтуді қолға алды. Көп адам бұл сырқат түрін тек қарт адамдарға тән деп ойлайды. Бірақ, статистикалық мәліметке сүйенсек, өкінішке орай, әлем бойынша адам өлімінің бірден бір себебі және мүгедектікке әкеп соғуына осы инсульт пен ми қан айналымының жіті бұзылуы болып табылады. Өлім-жітімнің жартысынан көбісі осы қан тамыры ауруына шалдыққандарға тиесілі және де соңғы жылдары бұл сырқат жасаруда. Инсульттің ықтималдылығын арттыратын қауіп факторлары бар. Артериялық қысымның жоғарылауы, ырғақсыздық, «қырсық шалған» холестерин деңгейінің көтерілуі, шылым шегу сияқтылар жаман аурудың өршуіне себеп болады. Десе де, дені сау адамдар да сырқаттанып қалу жағдайлары жоқ емес. Сондықтан, инсульттың негізгі белгілерін біліп, көмек көрсетудің ережелерін білу маңызды. Көрсетілген алғашқы медициналық көмек – мүгедекті болдырмаудың басты кепілі. №3 Павлодар қалалық ауруханасының Инсульт орталығы жіті инсультті бақылауда ұстау кезіндегі медициналық көмек көрсетілуінің біріктірілген моделі бойынша жұмыс жасауда. Бұл жерде емделушілердің бастапқы оңалуы жүргізіліп, сол арқылы инсульттан кейінгі мүгедек болуы қауіпі төмендейді. Аурухана холлынада, адамдар көп шоғарланған жерлерде теледидар қойылып, экранда инсульт орталығының жұмысы туралы бейнероликтер мен бағдарламалар көрсетілуде. Аталмыш бөлімшеде инсультті алдын алу шаралары туралы, науқастарға күтім жасау туралы, ем алғаннан кейін науқастардың дұрыс тамақтануы туралы ақпараттық стендтер үздіксіз жаңартылып отырады.
Роза Апаева