контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Миокард инфарктісін алдын алу бойынша конференция
06-10-2016 18:29
Миокард инфарктісін алдын алу бойынша конференция
hetz №3 Павлодар қалалық ауруханасында жіті қан тамыры синдромы кезінде шұғыл көмек көрсету бойынша мейірбикелік конференция өтті. Шараны қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлері ұйымдастырды. Миокард инфарктісін қалай танып білуге болады, бұл жағдайда қандай көмек көрсетіледі және бұл сырқатты қалай болдырмауға болады сияқты мәселелер көтерілген материалды қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі Надежда Владимировна Дудинова мен мейірбике Светлана Махаева ұсынды. Бұл конференцияның өткен уақыты Халықаралық жүрек күніне орай жүргізілді. Айта кететін жайт, жүрек-қан тамыр ауруларының қауіпін төмендету – адамдардың өз қолында екен. Ең бастысы, ең қарапайым шараларды қолдану арқылы адам өз өмірін ұлғайта алатынын білу маңызды. Одан басқа, аурухананың барлық бөлімшелерінде медициналық қызметкерлер емделушілермен артериялық қысымды өлшеу техникасы бойынша тренингтер өткізді. Науқастар дұрыс тамақтану, зиянды әдеттер (ішімдік ішу, шылым шегу) туралы мәліметті зор ынтамен тыңдады. Ақ халаттылар физикалық белсенділікті де ұстануға кеңес берді.

К. Апаев