№3 Павлодар қалалық ауруханасында Халықаралық жүйке саулығы күніне орайластырылған іс-шара болып өтті. Аурухананың эпидемиолог дәрігері Л.С. Каримова бөлімшелерде емделушілермен «Өмір – менің ең қымбат байлығым» атты психологиялық тренинг өткізді. Науқастардың өздеріне қойылған әртүрлі сұрақтарға аса жоғары ынтамен жауап қатқаны қуантарлық екен. Дәрігер психологиялық түрлері бар адамдар туралы әңгіме қозғады. Жасөспірім шақтағы балалардың тілін қалай табу, жақын-туғандармен, балалармен, жұмыста ерекше жағдайдағы қарым-қатынаста өзіңді қалай ұстау сияқты осындай және өзге де мәселелер осы тренингте сөз болды. Тұрғындардың психологиялық денсаулығы тақырыбы әркезде де өзектілігін жойған емес. Бұл күннің ең басты жаңалығы деп, емделушілердің өздері ұсынған жағымсыз жағдайларды талқылауды атауға болады. Адам бойындағы сараңдық, іштарлық, ашу – агрессиялық жағдайлардың бірден-бір себепшісі болып табылады. Адам өзін-өзі қолда ұстауды үйрену керек, өз сезімін іште ұстауы керек, түкке тұрмайтын нәрседен жақсылық көріп, шынайы қуануды үйренуі керек, бір сөзбен айтқанда, өз-өзін сыйлау, жақсы көруі қажет.
К. Апаев