Павлодар қалалық ауруханасында «Сепсис. Жалпы түсініктер. Босанғаннан кейінгі сепсис» тақырыбы бойынша мейірбикелік конференция өтті. Сепсистің алдын алу бойынша презентациялық материалды қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі А.В. Махаева дайындады. Өзекті тақырып ең үздік түрде ұсынылды: сандар мен деректер тамаша суреттермен сүйемелденді. Конференция алдында қатысушыларға сауалнама және сепсис проблемасы жөнінде білімін тексеру үшін пре-тесттер таратылды. Семинар ұйымдастырушыларының қызметкерлердің тақырып бойынша білімін сараптай алатындай, аурухананың 80-нен аса барлық бөлімшелерінің мейірбикелері сұрақтарға жазбаша жауап берді. Баяндамашы атап өткендей, сепсис – ауыр жұқпалы ауру түрі болып табылады: қанға түскен микробтар көбейеді және уланып бүкіл ағзаға таралады. Ал босанғаннан кейінгі сепсис – босанғаннан кейінгі өте қауіпті асқыну, бұл жұқпаның жатырдың шырышты қабатын «кіру қақпасы» ретінде пайдалануы болып саналады. Босанғаннан кейінгі сепсис ана өлімі себептерінің ең көп таралған үштігіне кіреді. Ауыр сепсис кезінде уақытылы емделмесе өлім 65 пайызға дейін жетеді. Босанғаннан кейін сепсистің даму мерзімі бірнеше сағаттан 7-8 тәулікке дейінгі мезгілді құрайды. Сепсис – бұл дереу ауруханаға жатқызу үшін абсолютті көрсеткіш болып табылады. Ауруды емдеу кешенді жүргізіледі және ағза мен бастапқы жұқпа ошағына қарқынды жалпы әсерін тигізеді. Хирургиялық жұқпа ошағын санациялау жүргізіледі, бактерияға қарсы препараттар қабылдау тағайындалады. Аудитория материалдың барлығын мұқият тыңдап болған соң, шара соңында әр медициналық қызметкер өз білімдерін қаншалықты жақсартқаның тексеру үшін, тағы бір рет сауалнама жүргізілді. Тыңдаушылардың негізгі бөлігі сепсис туралы білімдерін жетілдірсе, енді ғана мейірбикелік істі бастаған қызметкерлер конференциядан кейін өз білімдерін толықтырды.
К. Апаев