контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
30-11-2016 11:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
DSC_1065 ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті. Мемлекеттік әнұранды шырқаумен №3 Павлодар қалалық ауруханасының үлкен ұжымы мерекені қарсы алуда. Іс – шараны өткізуге жауапты болғандықтан, жансақтау және анестезиология бөлімшесі өз өнерлерін көрсетті. Ұжым мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті жайлы бейнефильм әзірледі. Ол бейнефильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің тұңғыш президенті болып сайлану жолы мен Отан алдындағы қыруар еңбегі жайлы анық көрсетілді. Слайдтарда мемлекетіміз және президентіміз туралы шығарылған көптеген кітаптарға шолу жасалды. №3 аурухана бас дәрігерінің емдеу және алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Қ. Нысанбеков барлық жиналған қауымға мерекеге орай құттықтау сөздер айтып, жылы лебізін білдірді. Мереке өте көңілді әрі әдемі музыкалық сүйемелдеумен өткізілді. Залда қазақтың қара домбырасының үні мен әр тілде көптеген әндер шырқалды. Аурухана қызметкерінің қызы - 5 жасар Арайлым Балтабекова павлодарлық автор Д. Назымбектің «Нұр Аға» атты әнін орындады. Медицина қызметкерлері өз әріптестерінің атына жақсы тілектер айтып, мәжіліс залынан шығып жатты.