контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Емделушілерді зерттеуге дайындау технологиясы
22-12-2016 19:38
Емделушілерді зерттеуге дайындау технологиясы
65465465№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Емделушілерді емдеу-диагностикалық зерттеулерге дайындау технологиясы» тақырыбында мейірбикелік конференциясы өтті. Конференцияға қатысты презентациялық материалды бөлімшенің аға мейірбикесі Е. П. Семенчук дайындады. Қатысушылардың білімдерін тексеру мақсатында семинар сауалнама өткізуден басталды. Емделушілерді зерттеуге дайындау ережесін мейірбике жүргізеді. Оның зерттеу дайындығын қаншалықты дұрыс жүргізуінен сапалы зерттеу нәтижесін алуына байланысты болады. 35 слайдта бөлімше мейірбикесі Л. Чемеленко материалды толық түрде ұсынды. Мысалы, іш қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізуіне науқасты қалай дайындайды. Материал, асқазан және он екі елі ішектің рентгенологиялық зерттеу, ирригоскопия, холеграфия, венаішілік пиелография бойынша тамаша суреттермен сүйемелденді. Конференцияның орасан зор бөлімі эндоскопиялық және басқа да зерттеулерге арналды. Сондай-ақ, зерттеу дайындығы үшін құралдарды таңдауға әсер ететін аурулар мен жай-күйді анықтауға көңіл бөлінді. Бұл - эндоскопияда қолданылатын дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық (жергілікті жансыздандыратын дәрі-дәрмектер), глаукоманың болуы (атропинға қарсы көрсетім), өт-тас ауруы (іш өткізетін тұзды ерітінді ретінде күкірт қышқылды магнезия қолдануына қарсы көрсетім), жүктілік (майсана майын орынсыз қолдану). Семинар соңында қатысушылар пост-тесттерге қайта оралды.

К. Апаев