"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі міндеттердің бірі – ми қанайналымының жіті бұзылуы кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу. Жіті инсультті басқарудың интеграцияланған моделін енгізудің кепілгері инсульт орталықтарының тиімді жұмысы болып табылады. №3 Павлодар қалалық ауруханасындағы инсульт орталығының дәрігерлері ми қанайналымының жіті бұзылуының дамуында тәуекелді мінез-құлық факторларын көрсетеді. Олар: темекі тарту, дұрыс тамақтанбау мен семіру, жоғары қан қысымының, диабет секілді тәуекел факторларының үйлесуі инсульт дамуына қауіпін арттырады. Инсульт орталығының жұмысын жетекшілік ететін №3 ПҚА бас дәрігердің орынбасары Б.Б. Ерубаева адамдардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауды, қанайналым жүйесі сырқаттарын уақтылы анықтауға көңіл бөлді. Басты міндет — инсульт мәселелері жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру, өмірін сақтау мақсатында дұрыс алғашқы көмек көрсету маңыздылығы, мүгедектіктің алдын алу болып табылады. №3 ПҚА инсульт орталығымен медиа-жоспар бойынша 2017 жылға ми қанайналым (ми қанайналымының жіті бұзылысы) жіті дамуын төмендету бойынша, науқастарға мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының қызметін насихаттау бойынша дәрігерлік және мейірбикелік конференциялар өткізуді жоспарлап отыр.
К. Апаев