2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты ғаламдық індет деп жариялады, ал 2006 жылы инсультпен күрес бойынша Дүниежүзілік ұйыммен(WorldStrokeOrganization, WSO), осы сырқатпен дүниежүзілік күресте жедел белсенді әрекетке қоғамның назарын аудару мақсатында, бұл күн Дүниежүзінде инсультпен күрес күні белгіленді. Əлемде инсульт ауруының таралуы 33 млн. адамды құрайды, соның ішінде: ишемиялық инсульт 87% құрайды, геморрагиялық 10% құрайды жəне торлы қабық астына жиналған қан құйылу инсульттары 3%, құраса, 25-44 жас аралығындағы инсультпен ауыратындар 60%-ды құрайды. Қазақстан Республикасында инсультпен ауыратын 1000 адамға шаққанда 3,7% құрайды, бұл Ресеймен-2,39% жəне Германия-1,82% салыстырғанда жоғары көрсеткішті құрайды). ДҰҰ мəліметтері бойынша, Қазақстанда инсульттан болатын өлім-жітім саны 1000 адамға шаққанда 1,08% құрайды, Ресейден (1,17%) кейінгі 3-ші орында тұр. Нейрохирургия ұлттық орталығының мəліметтері бойынша Қазақстан Республикасында неврологиялық аурулардың құрылымы: инсульт 52% құрайды, соның ішінде 29% жұмысқа жарамды тұлғалар, 29% омыртқаның дегенеративті ауруларына тиесілі, миеленсіздендіру аурулары -4,7%, жүйке жүйесінің перифериялық аурулары -9,4% құрайды, ОЖЖ дегенеративті аурулары 2,3% құрайды. Қазақстанда қазіргі уақытта 250 тұрғынға шаққанда 30-төсектік 36 инсульт орталықтары бар. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жуырдағы төрт жылда негізгі артықшылығы медициналық көмек көрсетудің біріктігілген моделін енгізу болады, оның ішінде ми қанайналымының жіті бұзылу кезін (өткір инсульт) қоса алғанда, алдын алу, кешенді емдеу, оңалту, диспансерлік тексерілу, сонымен бірге әлеуметтік қызмет қызметтерін енгізу. Өткір инсультті басқарудың біріктігілген моделін енгізудің басты құралы инсульт орталықтарының тиімді жұмысы болып табылады, бұл медициналық қызметтің тиімділігінің артуы мен экономикалық шығындардың төмендеуіне кепіл. Ми қанайналымының жіті бұзылуының дамуында тәуекелді мінез-құлық факторынның адамға әсері маңызды рөл ойнайды. Темекі тарту, дұрыс тамақтанбау мен семіру, физикалық белсенділіктің болмауы мен алкогольды шамадан тыс ішу, жоғары қан қысымының, диабет пен гиперлипидемия секілді тәуекел факторларының үйлесуі инсульт дамуына қауіпін арттырады. Бұл «тәуекел фактор аралықтарды» бағалау бастапқы медициналық -санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі және инсуль, миокард инфаркты, жүрек жеткіліксіздігі және басқада асқынулар даму қауіпінің артуын көрсетеді. Темкіден тартудан бас тартуда, алкогольды орташа тұтынуда немесе мүлдем бас тартуда, дене массасын орташа деңгейде ұстауда,тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлесімді емдәмде, денсаулық туралы өзі қамдануды белсендендіруде көрініс табатын Салауатты өмір салты әрбір қазақстандықта қан айналым жүйесі сырқаттарын тоқтатумен ассоциациалау тиіс. Біздің басты мақсатымыз - адамдардың қан айналымы жүйесі ауруы мен оның асқынуын дер кезінде анықтау үшін өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершілікті арттыру; жұмыс істейтін тұрғындар үшін осы бағытта кешенді алдын алу шараларын бастау, инсульттан туындаған өзекті мəселелерге қоғамның назарын аудару, аталған бағыт бойынша қызметкерлерді тегіс қамтитын профилактикалық шараларды бастау; ми қан айналымы жүйесінің жедел бұзылуының алдын алуға бағытталған мəселелерді шешуге жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдарының назарын аудару. Осы ауруға қарсы жаһандық шұғыл күресте белсенді шараларға жұртшылықты тарту болып табылады.
Б. Ерубаева,
№3ПҚА бас дәрігердің орынбасары