медициналық сақтандыру қорына түсімдер түсуіжалғасуда
Павлодар облысы бойынша аударымдар мен жарналардың жалпы сомасы13,43 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2,3 млрд теңге жиналды.
Айта кету керек, мемлекет республикадағы коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан заңнамамен бекітілген 15 санаттағы азаматтар үшін жарна аудару міндетін толықатқаруда.
БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлемшілері аударған төлем көлемі 422, 9 млн. теңгеге дейін серпін байқалады.
Медициналық сақтандыру үшін аударылған барлық төлемдер ҚР Ұлттық банкіне Қордың ағымдағы есебіне келіп түседі. Кейін қаржы Қормен шартқа отырған медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерін төлеуге бағытталады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері біздің өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 58,3 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық азаматтар үшін «шартты түрде сақтандырылған» мәртебесі мерзімі ұзартылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жеңілдік кезеңі қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарна төлемеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тіркелмеген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлергеміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді.
Әр азамат өз мәртебесін анықтап, Қордың қатысушысы атануы тиіс.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Павлодар облысы бойынша
филиалы