контакт: 8(71838)91486 mcrbbuh@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе а., Сүлейменов 12.
Медициналық сақтандыру қорына міндетті аударымдар Заңмен белгіленген шектен аспайды
21-04-2020 08:17

Медициналық сақтандыру қорына міндетті аударымдар Заңмен белгіленген шектен аспайды

 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалымен халықты медициналық сақтандыру мәселелері бойынша ақпараттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Аймақта карантин енгізілген және азаматтармен кездесу мүмкіндігі болмаған жағдайда консультациялар бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1406 және филиал қызметкерлерінің телефондары арқылы қашықтан жүргізіледі.

Жиі қойылатын сұрақтардың бірі жалдау бойынша және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша бір мезгілде жұмыс істейтін немесе осы мезгілде жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардың төлемдері болып табылады.

Аударымдар мен жарналар, қанша жерден табыс табатынына қарамастан, төлеушілердің барлық кірістер сомасынан төленуі қажет.

Бірақ Қорға міндетті аударымдар мен жарналарда шекті ай сайынғы сома бар екенін ескеру қажет.

Қор филиалында егер бірнеше табыстың бірі 10 ең төменгі жалақыдан асып кетсе (2020 жылы 425 мың теңге), онда аударымдар мен жарналар тек одан ғана жүргізіледі. Мұндай жарналардың төленгенін растайтын құжат болған жағдайда табыстың қалған түрлері есепке алынбайды.

Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген алынған табыстардың, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.

"Егер бізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдардың мөлшері есептелген табыстың 2% - ын құраса, аталған шектеулерді ескере отырып, сома бір қызметкерден 8500 теңгеден аспайды. Табыстың 1% - ын құрайтын жарналарды төлеу кезінде 4250 теңгеден аспауы тиіс", - деп түсіндірді филиалда.

Осыған байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылдғанын ескеру қажет.

Осы уақытқа дейін тегін медициналық көмектен басқа барлық пациенттер де қымбат қызметтерге де тегін үміткер бола алады. Сақтандыру пакетіне операциялар мен медициналық қызметтер, тар мамандамен қабылдау, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыруға арналған қызметтер кіреді. МӘМС құрамына: МРТ, компьютерлік томография, ПТР-талдау кіреді. Сондай-ақ тегін емделгендердің тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде стационарды алмастыратын және жоспарлы стационарлық көмек көрсетілетін болады.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы