Медициналық мекемелер арасында «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ мен «ПМЖК дене шынықтыру» пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқ атудан облыс біріншілігі өтті.
Жарыс медициналық мекеме қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқ атуды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
ШЖҚ «Май аудандық ауруханасы» КМК командасының құрамасы екінші жалпыкомандалық орынға ие болды.
Құттықтаймыз!