"SENIM "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" РҚБ Павлодар облыстық филиалы "Наурыз Мейрамы" мерекесі қарсаңында белсенді және жемісті жұмысы үшін Денсаулық сақтау қызметкерлерін "Senim "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің, "Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және "SENIM"кәсіподағының облыстық филиалының төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты іс-шарада қатысушылардың назарына "Senim "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы бейнеролик ұсынылды. Марапаттау рәсімін Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М. А. Иванова және "SENIM" облыстық кәсіподақ төрағасы С. Ч. Төлегенова құттықтау сөзімен жалғастырды.
"Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен Май аудандық ауруханасының педиатр-дәрігері Жанат Мағырипа марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев