контакт: 8(71838)91486 mcrbbuh@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе а., Сүлейменов 12.
Май аудандық ауруханасында пациенттердің қауіпсіздігі күшейтілді.
16-04-2026 21:47
Май аудандық ауруханасында пациенттердің қауіпсіздігі күшейтілді.

Май аудандық ауруханасында пациенттердің қауіпсіздігі күшейтілді. Қабылдау бөлімінде, перзентханада және жалпы соматикалық бөлімдерде жедел әрекет ету пульттеріорнатылды. Енді төтенше жағдай туындаған кезде сигнал жедел түрде тиісті қызметтерге жеткізіледі. Қосымша шаралар стационар ішінде де қарастырылған: жүріп-тұра алатын пациенттерге арналған палаталарда медицина қызметкерлерін шақыру батырмалары орнатылса, ал төсекке таңылған пациенттер үшін арнайы дабыл түймесі бар білезіктер қарастырылған. Бұл олардың жағдайына қарамастан, көмекті мүмкіндігінше жедел алуға мүмкіндік береді. Жүйе тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, тұрақты бақылау мен жедел қызметтермен байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Пациенттердің қауіпсіздігі қауіпсіздігі - медициналық мекеменің басты басымдығы болып қала береді.