Көктеммен бірге керемет мереке - 8 наурызХалықаралық әйелдер күніде келді.
8 наурыз – көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен жылынып, шашыраңқы гүлдермен, әйелдер күлкісімен нәзіктікпен безендірілген.
Ертіс Аудындық Ауруханасының акт залында 8 наурыз мерекесіне орайластырылған құрметграмоталары мен алғысхаттарының салтанатты түрде табысталуы өтті.
Бас дәрігер міндетін атқарушы Ботаев Б.Б. және бас дәрігердің орынбасарының міндетін атқарушы Гордуновский К.А., аурухананың ерлер бөлігі және «Ертіс АА» – ның кәсіподақ комитетінің төрайымы Қабылбекова Г.А. жылы сөздермен құттықтауларын білдірді.
Кәсіподақ комитетінен «Ертіс АА» ұжымының әйелдер бөлігіне 212 адам көлемінде сыйлықтар табысталды, қосымша 5 мерейтойлар және зейнеткерлік жасқа жеткен 1 жұмысшы сыйлықтармен марапатталды.
Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер !!!