контакт: 8(71832)22638 irt_pol@mail.ru
адрес: Иртышский р-н, с. Иртышск, ул. Кожабергена Батыра, 15
Павлодарда облысы ауруханаларында қосымша төсек орындарын ашу көзделуде
16-07-2021 21:30
Павлодарда облысы ауруханаларында қосымша төсек орындарын ашу көзделуде

Павлодарда облысы ауруханаларында қосымша төсек орындарын ашу көзделуде

Бұл эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданып отырған шешім, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл мәселе Өңірлік коммуникациялар қызметінде талқыланды. 

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерғалы Асылбектің сөзіне қарағанда, оыс орайда өңірде инфекциялық ауруханаларда қосымша 360 төсек орнын ұйымдастыру жоспарлануда.
 

- Өткен тәулік ішінде 178 адам коронавирус жұқтырған, олардың 143-і сиптомдармен, - деді Ерғалы Асылбек. – Қазіргі кезде 785 адам стационарлық ем қабылдауда. 53 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.


Облыс бойынша 101 бала дәрігерлер қарауында, олардың 44-і стационарда емделуде. 

Бүгінде инфекциялық ауруханалар 39,9 проценттік, ал реанимация бөлімдері 26,5 проценттік жүктемемен жұмыс істейді. 

Айта кетейік, кешеден бастап Павлодар облысында карантин тағы күшейтілді. Мұндай шешімнің қабылдануына коронавируспен сырқаттану жағдайларының жалғасуына және жалпы елдегі эпиджағдайдың нашарлауы себеп болды.

Айбек Жұматов
Фото: Константин Шелков