контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Ертіс аудандық ауруханасының акушерлік қызметі жүкті әйелдермен босануға психологиялық дайындық бойынша жеке тренингтер өткізді.
07-09-2023 19:07
Ертіс аудандық ауруханасының акушерлік қызметі жүкті әйелдермен босануға психологиялық дайындық бойынша жеке тренингтер өткізді.
Ертіс аудандық ауруханасының акушерлік қызметі жүкті әйелдермен босануға психологиялық дайындық бойынша жеке тренингтер өткізді. Мұндай тренингтердің мақсаты жеке көзқарастарды өзгерту болып табылады:
 
• босануды ауру (дерт), денсаулыққа қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдаудан – қалыпты, табиғи, берекелі және қуанышты процесс ретінде қабылдауға;
 
• әйелдің өзін босану кезіндегі объекті, мүмкін жәбірленуші ретінде қабылдауынан – өзінің белсенділігі мен жауапкершілігі арқылы босану процесіне әсер ете алатын субъектіге;
 
• дәрменсіздіктен – дербестікке, босану жолын, қоршаған ортаны таңдай білуге,
 
• босану кезіндегі сөзсіз психологиялық жалғыздықтан – бұл әрекетті маңызды туысқанмен (күйеуімен) бөлісу мүмкіндігіне дейін;
 
• қорқыныштан, үрейден, өз болашағына, босану нәтижесіне сенімсіздіктен - өзіне сенімділік пен қолайлы нәтижеге сену;
 
• тек нәтиже (баланың тууы) маңызды болатын босану процесін теріс түсінуден, босану процесінің өзін қабылдауға, олардың ішкі құндылығын жүзеге асыруға дейін.