контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ж.М. Шаймбетовтың атынан сұхбат.
28-11-2024 10:39
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ж.М. Шаймбетовтың атынан сұхбат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ж.М. Шаймбетовтың атынан сұхбат.

 

1. МӘМС ақшасы қайда кетуде?

Қор  МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражатты ай сайын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде азаматтарға медициналық ұйымдар көрсеткен медициналық көмек үшін төлем ретінде жіберіп отырады.

Жалпы алғанда, тұтыну деңгейі мен белгілі бір қызметтерге сұранысты, халық санын, аурушаңдық деңгейін және басқа да көрсеткіштерді есепке ала отырып, әр жылға қаржыландыруды жоспарлау жүргізілуде.

 

2024 жылыПавлодар облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті  101,0млрд теңгені құрады, оның ішінде:

59,1 млрд – ТМККК-ге,

41,9 млрдтеңге – МӘМС-ке.

Салыстыру үшін, 2023 жылы өңірдің сатып алу жоспары 93,3 млрд теңгені құрады. Яғни қаржыландырудың 7,7 млрд теңгеге / 7,6 %-ға  өскені байқалып отыр

 

Биылғы жылдың 9 айында өңірдің 436 481 тұрғыны МӘМС бойынша медициналық көмек қызметтерін жалпы сомасы 74,7 млрд теңгеге жылдық бюджеттің 74,6% пайдаланды.

 

2. Медициналық көмектің қандай түрлеріне көп қаражат бағытталады?

Шығындардың басым бөлігін стационарлық медициналық көмек құрайды – 24,4 млрд теңге; тағы 4,9  млрд теңге – бұл күндізгі стационарлардың қызметтері; алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі медициналық көмек -23,1 млрд.тенге. 

Құрамына қымбат тұратын диагностика түрлері, бейінді мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертханалық талдаулар кіретін КДҚ жоғары сұранысқа ие. Атап айтқанда,  есептік кезең ішінде сомасы 341,8 млн.теңгеге 26 080 компьютерлік томография қызметтері және сомасы 364,6 млн.теңгеге 23 317 магниттік-томография қызметтері көрсетілді. Стоматологиялық қызметтердің саны да өсуде: 9 айда 638,5 млн. теңге сомасына 163 515 қызмет көрсетілді.

Жалпы алғанда өңірдің 379 091тұрғыны сомасы 8,9 млрд теңгенің МСАК-та КДҚқызметтерін алды.

МӘМС есебінен күн сайын жоғары технологиялық операциялар жасалады, әрі мұндай бір операцияның құны бірнеше миллион теңгені құрайды. Барлығы ЖТМК-ге 1,9 млрд теңге бағытталды.

Медициналық оңалту қызметтерінеде сұраныс артуда – көрсетілген кезең ішінде сомасы 1,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.

Тағы бір маңызды бағыт – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Биылғы жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде АДҚ-ға 13,4млрд теңге қарастырылған. Кезең қорытындысы бойынша 11,4 млрд.теңге сомасына 862 368 рецепт берілді.

 

3. Азаматтар арасында қандай операциялар аса көп сұранысқа ие?

Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық операцияларға бағытталады – қарастырылып отырған кезең ішінде сомасы 643,9 млн.теңгеге 183 операция жүргізілді (орташа алғанда бір операцияның құны – 3,5 теңге).

Нейрохирургиялық операциялар– сомасы 217,0 млн.теңгеге саны 36 (орташа алғанда бір операцияның құны – 6,0 теңге).

МӘМС қаражаттары есебінен «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде ЭКҰ бағдарламаларын қаржыландыру жалғастыруда. 2024 жылы Павлодар облысына бөлінген МӘМС шеңберінде ЭКҰ-ға 266  квота (2023 жылы - 269) бөлінді, соның ішінде оң нәтижесімен 84 жұп. Соның ішінде екеуі егіздер, алдағы уақытта 79 жұп Павлодар облысының кішкентай тұрғындардың дүниеге келуін күтеміз (103 оң нәтиже көрсетілмеген).

Тұтастай алғанда, 2024 жылдың көрсетілген кезеңі ішінде сомасы 1,5 млрд теңгенің 272 ЖТМК қолдана отырып операциясы жасалды.

Сондай-ақ халық арасында тізе және жамбас ауыстыру операциялары сұраныста.  Мысалы, 2024 жылы біздің өңірдің дәрігерлері сомасы 254,1 млн. теңгенің 166 жуық осындай операциясын жасады.

 

4. Медициналық оңалтуға қанша қаражат бөлінеді?

Медициналық оңалту – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі ең көп сұранысқа ие қызмет. Ол әрі қымбат тұрады. Айта кету керек, МӘМС енгізілгелі бері осы бағытты қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Егер 2019 жылы оңалтуға тек 887 млн теңге бөлінсе, ал 2024 жылы 2,3 млрд теңге қарастырылған. Өсім 2,6 есе.

Азаматтар ауыр жағдайлар (мысалы, инсульттан), жарақаттар, кардиологиялық, кардиохирургиялық  операциялардан кейін, негізгі және созылмалы аурулардан емделу кезінде оңалтудан өте алады. Балалар үшін, оның ішінде туа бітті тірек-қимыл аппараты аурулары бар, сал ауруы және т.б ауыратындарға мүмкіндіктердің кең түрі ұсынылады.

Егер сізге оңалтудан өту қажет болса, онда өз емханаңызға жүгіну қажет. Оңалту курсын тағайындау туралы шешімді тиісті көрсетілімдер болған жағдайда реабилитолог немесе көпсалалы комиссия қабылдайды.

 

5. МӘМС бойынша жинақты шипажайға пайдалануға бола ма?

Біріншіден, МӘМС жинақтаушы жүйе болып табылмайтынын және онда жеке шоттар қарастырылмағанын айта кеткен жөн. Барлық жарналар мен аударымдар бірыңғай шотқа келіп түседі және ынтымақтастық қағидаты бойынша бөлінеді.

Екіншіден, шипажайға жолдама беру туралы айтатын болсақ, бұл қызметтер әлеуметтік қорғау органдары арқылы жергілікті бюджет шеңберінде көрсетіледі.

Дегенмен МӘМС пакетінде медициналық оңалту қызметтері бар, оларды шипажай-курорттық ұйымдар, сондай-ақ оңалту орталықтары мен тиісті бөлімшесі бар медициналық ұйымдар да көрсете алады.

 

 

 

 

 

6. Халықты МӘМС жүйесімен қамту

Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі халықты МӘМС жүйесімен қамту болып табылады. Қазір өңірде 644 084 азамат сақтандырылған, халық саны 764 321 адам (84,3%) 120 мың азамат (15,7%) сақтандырылмаған болып табылады.

Талдау бойынша, ел бойынша сақтандырылмағандардың 54% – ы ер адамдар, 46% - ы әйелдер. Бір қызығы, олардың 40% - ы 18 бен 35 жас аралығындағы жастар. Яғни, қамтылмаған МӘМС азаматтарының едәуір бөлігі әртүрлі себептермен МӘМС жарналарын төлемейтін экономикалық белсенді халық болып табылады.

 

Айта кетейік, қор диалогқа ашық және азаматтарды олардың құқықтары бұзылған немесе медициналық қызметтерден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады. Өтінішті qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, сайт арқылы қалдыруға болады msqory.kz және @ Saqtandyrýbot Telegram - да немесе WhatsApp 87075594650 арқылы.