контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп 2025 ж.
17-04-2026 17:17

2025 жылға арналған «Ертіс аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетіледі.

Ертіс аудандық ауруханасы мемлекеттік қызметтердің 14 түрін көрсетеді.

2025 жыл ішінде барлығы 202710 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

• Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу:
 Қағаз түрінде тіркелу – 9 қызмет
 Электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы тіркелу – 1111 қызмет

• Дәрігердің қабылдауына жазылу:
 ДамуМед ақпараттық жүйесі арқылы – 161978 қызмет
 ЭҮП арқылы – 18 қызмет

• ДамуМед АЖ арқылы дәрігерді үйге шақыру – 995 қызмет

• Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (ДамуМед АЖ) – 5468 қызмет

• Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру (ДамуМед АЖ) – 1629 қызмет

• Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру (ДамуМед АЖ) – 2382 қызмет

• Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді беру (ДамуМед АЖ) – 1521 қызмет

• Пациенттерді стационарға жатқызуға жолдама беру (ДамуМед АЖ) – 2768 қызмет

• Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну (ИСЛО АЖ) – 23862 қызмет

• Міндетті алдын ала медициналық тексеруден өту (ДамуМед АЖ) – 768 қызмет

• Көлік құралын басқаруға рұқсат туралы анықтама беру (ДамуМед АЖ) – 83 қызмет

• Санаторий-курорттық емдеуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру (ДамуМед АЖ) – 118 қызмет

• Қайтыс болғаннан кейін трансплантация мақсатында тіндерді (тіннің бір бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) өмір бойы ерікті түрде донорлыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу – 0 қызмет

• Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберу мүмкіндігі бойынша құжаттарды қабылдау және қарау – 0 қызмет

Жалпы мемлекеттік қызметтердің ішінде:
ЭҮП www.egov.kz арқылы – 1136 қызмет,
қағаз түрінде – 9 қызмет,
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 201565 қызмет көрсетілді.

Біздің медициналық ұйымдағы ең сұранысқа ие ТОП-3 мемлекеттік қызмет:

  1. Дәрігердің қабылдауына жазылу
  2. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну
  3. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
  4. Пациенттерді стационарға жатқызуға жолдама беру
  5. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аурухана холлында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған. Бұл бұрыш қажетті оргтехникамен, өзекті стандарттар мен регламенттер көрсетілген стендпен, сондай-ақ жедел кеңес алуға арналған телефонмен жабдықталған.

Пациенттердің ыңғайлылығы үшін дәрігер қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі Call-орталық, мобильді қосымша немесе eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылған.

2025 жыл ішінде семинарлар өткізу, мақалалар жариялау және Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада бейнероликтер орналастыру форматында 11 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді, жалпы қамту – 398 адам.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері 278 тіркелді, олардың барлығы медициналық ұйымға тіркелуге өтінімдерді дұрыс толтырмауға байланысты (мекенжайдың қате көрсетілуі, тұратын мекенжайдың қызмет көрсету аумағына кірмеуі және т.б.).

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, 2025 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен уақтылығына қатысты шағымдар тіркелген жоқ.