Жол картасын іске асыру аясында 2025 жылғы 23 желтоқсанда Ертіс аудандық ауруханасына 5 бірлік арнайы медициналық автокөлік табысталды.
Жаңа автокөліктер аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы медициналық көмекті жедел көрсетуге бағытталған.
Арнайы медициналық автокөлік төмендегі медициналық нысандарға бөлінді:
Ағашорын ауылының МП
Северный ауылының ФАП
Селета ауылының МП
Панфилово ауылының ВА
Майқоңыр ауылының МП
Автопарктің жаңартылуы медицина қызметкерлерінің мобильділігін арттыруға, науқастарға шығу уақытын қысқартуға және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя