ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК Денсаулық сақтау саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021642
2) Дәрігерге жазылу
3) Дәрігерді үйге шақыру
4) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024094
5) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
6) Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру
7) Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру
«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР - ДСМ-27 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027218#z572
8) Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту
Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021443
9) Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру
Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021557
10) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру
11) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен регламеттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021660
12) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру
«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығымен регламенттелген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024765
13) Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу
"Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығымен регламенттелген