контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Этиқалық қызметтер
27-01-2020 15:03

ШЖҚ «Ертіс аудандық

ауруханасы» КМК-нің

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

КІРІСПЕ:

Медицина қызметкерінің кәсіби этикасының кодексі (бұдан әрі Кодекс) медицина қызметкерінің қәсіби медициналық қызметі барысындағы этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.

Бұл Кодекс медициналық қызметкер, коғам және емделуші арасындағы қарым-қатынасты анықтай отырып, жеке тұлға мен жалпы коғамның құқығын, денсаулығын қолдауға бағытталған, сондай-ақ, медициналық қызметкердің коғам алдындағы өзінің қызметтік жауапкершілігінің жоғары моральдылығын анықтайды.

Аталған Кодекстегі медициналық қызметкер ұғымында жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар қарастырылады.

Адам өмірі мен денсаулығы – басты әрі негізгі құндылық.

Медицина қызметкерінің қызметі осы адамның шарана күнінен бастап денсаулығын және өмірін сақтауға негізділген және қызметкерлерден адами қарым-қатынасты, адам тұлғасына деген құрметті, жанашырлықты, игі ниеттілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, шыдамдылық пен өзара сенімділікті, парасаттылық пен әділікті талап етеді.

Бұл Кодекс медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде қолдануға арналған. Ал, медицина қызметкерлердің кәсіби қызметі, өз кезегінде, адам өмірі мен денсаулығы, оның дүниеге келуі мен көз жұмуы кезеңдерін қамтиды.

І бөлім

Борышымыз:

Ертіс ауданының әрбір емделушісіне қамқорлық көрсете отырып, оларға үміт ұялату, денсаулық пен амандық сыйлау.

Мақсаты: облыс азаматының әлеуметтік мәртебесіне, жетістігіне оның тұрғылықты мекенжайына қарамастан мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді қылып және қамтамасыз ету

Ұйымның құндылықтар жүйесі

  • Емделуші басты назарға
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік
  • Алқалылық
  • Айқындылық
  • Кәсібилік

 

Емделуші басты назарда – жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әр емделушінің қажеттілік бағасы емделуші тұлғасы мен абыройына көрсетілген құрмет болып табылады.

Емделуші қауіпсіздігі – сапалы медициналық көмектің маңызды бөлігі. Бұл бөліктің мақсаты – емдеу кезінде келтірілетін зиянның неғұрлым төмен болуы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмектің сапасын тұлғаларға көрсететін медициналық қызметтің оңтайлы нәтижелі аяқталуы және кәсіби білімнің сәйкестігімен анықтайды.

Жауапкершілік – жария етілген ұстанымдар мен жоғарғы талаптарды ұстану, емделушіге және ұжым мүшелеріне көрсетілетін сеніммен парасаттылықтың жоғарғы деңгейлі көрсеткіші.

Алқалылық – үнемі өзін-өзі тексеру мен ынтымақтастық, сондай-ақ, жауапкершілік пен жұмыс көлемінің тепе-теңдігі негізінде сенімділік жүесін құру.

Айқындылық – жеке және ұжыммен жұмыс кезінде адалдық пен парасаттылық ұстанымдарын сақтау.

Кәсібилік – оқу мен өзін-өзі дамыту негізінде емделуші мен ұжым игілігі үшін өз біліміңізді, мүмкіндігіңізді және тәжірибеңізді жоғары нәтижелерге жетуге бағыттау.

ІІ бөлім

 

Қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және емхана қызметкерлерінің адамгершілігі мен моральдық-этикалық тұрпатына жоғарғы талаптар қояды

Қоғам ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК қызметкерлерінің өзінің кәсіби қызметіне барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін саларына сенеді, және өз ісіне, өз Отаны – Қазақстан Республикасына риясыз әрі адал қызмет атқарады деп есептейді.

ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК медициналық қызметкері өз ісінде Қазақстан Республикасының заңдарын, әсіресе, азаматтардың денсаулығын қорғау және оларға медициналық көмек көрсету бөлігін, дәрігер антын, ізгілік пен мейірімділік ұстанымдарын басшылыққа алады.

ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК қызметкерлерінің қызмет атқарудағы міндеттері:

– Өзінің біліктілігіне, қызметтік нұсқаулары мен міндеттеріне

сәйкес сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін саналы жауапкершілік алу;

– Кез-келген адамға жынысына, жасына, нәсілі мен ұлтына,

тұрғылықты мекен-жайына, оның әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси ұстанымдарына, сондай-ақ, басқа да медициналық емес факторларына байланысты медициналық көмек көрсету;

– Үнемі кәсіби білімі мен шеберлігін, машықтары мен ой-өрісін дамытып отыру;

– Медициналық бірлестіктерде тазалық сақтау, өз әріптестерінің қателерімен қатар, өз қателеріне әділ талдау жасау

– Қиянатшыл және біліксіз әріптестерінің емделуші денсаулығына зиялы келтіретін іс-әрекеттеріне бөгет болу;

– Өз іс әрекетімен ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК беделін нығайту, аурухана мүддесін қорғау, аурухана қызметкерлерінің беделін түсіретін әрекетке жол бермеу;

– Емделушілердің құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау және қорғау;

– стационар қызметкерлерінің бірлігі мен ұлтаралық келісімнің нығаюына себепші болу;

– Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін адал, әділ, әрі сапалы орындау үшін жұмыс уақытысын тиімді пайдалану, мемлекет мүлкіне мұқият болу;

– Жұмысқа деген қарым-қатынас пен жеке жүріс-тұрысы арқылы ұжымды тұрақты әрі жағымды актуалдық тууына септігін тигізу;

– Қызметтік міндеттерін орындау кезінде іскерлік стильдегі киімдерді кию;

– Қоғамдағы медициналық қызметкердің рөлін есепке ала отырып, ол қоғамдық іс-шараларға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше қатысуы қажет. Әсіресе, салауатты өмір салты насихатталатын іс-шараларға ат салысу;

– Медициналық қызметкер қателескен жағдайда немесе оның іс-әрекеті нәтижесінде асқынулар болғанда, ол туралы науқасты, үлкен әріптесін немесе бөлімше меңгерушісін құлақтандыруы қажет ал, олар болмаған жағдайда өзі жұмыс істейтін мекеме әкімшілігіне хабарлауы тиіс және шұғыл түрде нұсқауды күтпестен жағымсыз зардаптарды болдырмауға әрекет етуі керек. Қажет болғанда қате туралы немесе асқынулар туралы ашып айтып, басқа мамандарды шақыру қажет;

– Жіберілген қателіктерді мұқият әрі егжей-тегжейлі талдап, басқа дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде аталған жағдайдың алдын-алу үшін қателіктерді әріптестермен және басшылықпен бірге талқылау;

– Қызметтік міндеттерін орындау барысында медициналық қызметкер ұстамдылық сақтауы қажет және тұрақты әуестікке алып келетін қандай-да бір заттың әсерінде болмауы тиіс;

– Басқа қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын бұзу жағдайына жол бермеу және тоқтату;

– Қызметтік ақпаратты пайдақорлық мақсатта қолдануға жол берілмейді;

– Медициналық қызметкер емделушіні қисынсыз қатерге тігуге болмайды. Өз білімін ізгіліксіз мақсатта пайдалануға тіпті болмайды;

– Шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайдан тыс, дәрігер науқасты емдеуден бас тартуына болады: егер, емделуші мен өзінің арасында өзара сенім орнамаған болса; егер өзін жеткілікті дәрежеде білікті санамаса; ем жүргізу мүмкіндіктері болмаса. Осы немесе осындай жағдай туа қалса, ол туралы дәрігер тиісті денсаулық сақтау органдарына хабарлаудың шараларын жасауы тиіс және науқасқа білікті маманға кеңес беруі қажет;

– Дәрігер емделушінің дәрігерді таңдау құқығын және емдеу алдын-алу шараларын жүргізуге қабылдаған шешімін құптау қажет. Емделушінің емдеуге өз еркімен берген келісімін дәрігер әдетте науқаспен және сөйлесу кезінде алады. Бұл келісім саналы түрде берілуі тиіс. Науқасқа міндетті түрде емдеудің әдістері туралы, ем қолданудың салдары туралы, әсіресе болуы мүмкін асқынулар туралы және емдеудің басқа да әдістері туралы хабарлануы тиіс. Емделушінің келісімінсіз жасалатын емдеу алдын-алу іс-шараларын жүргізуге емделушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда және емделуші жағдайға дұрыс баға беруге қабілетсіз болғанда рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда дұрысы- алқалы шешім қабылдау. Психикалық ауруға шалдыққан азаматтарды емдеу кезінде дәрігер ҚР Заңнамасын басшылыққа алуы тиіс;

– Жолданымдарды қарау кезінде бюрократия мен қағаз бастылыққа жол бермеу, берілген уақытта қажетті шараларды қолдану;

– Өз әрекетімен және шешімімен қоғам тарапынан негізді сынға қалуға

жол бермеу, айтылған сын үшін біреудің ізіне түсуге болмайды, сынға төзімділікті таныту және консультативті сынды өз кемшіліктерін жайып, кәсіби көтеруге тиімді пайдалану.

Медициналық қызметкерге жол берілмейтін іс-әрекеттер:

Медициналық қызметкердің құқығы жоқ:

– Өз білімі мен мүмкіндіктерін ізгіліксіз мақсатта пайдалану;

– Ешбір негізсіз медициналық шараларды қолдану немесе одан бас тарту;

– Медициналық әсері бар әдістерді емделушіні тазалау мақсатында пайдалану, сондай-ақ, үшінші тұлғаның мүддесімен пайдалану;

– Емделушіге өзінің философиялық, діни және саяси қөзқарастарын зорлап міндеттеу;

– Әдейі немесе абайсыз емделушіге физикалық, рухани және материалдық зиян келтіру, осы секілді зиян келтіруші басқа тұлғаның іс-әрекетіне араласпау;

– Медициналық қызметкердің жеке теріс түсінігі мен басқа да дәлелі диагностика мен емдеуге әсер етпеуі тиіс;

– Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтен бас тартуы қызмет сапасы мен қолжетімділігінің төмендеуі себеп болмауы керек және де, Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілгендей, кепілдендірілген мемлекеттік көлем щеңберінде көрсетілетін тегін медициналық көмек көлемі мен түрлері де төмендемеу қажет;

– Емделушілерден сыйлық алуға оларға сыйлық беру орынсыз, өйткені сыйлық алмаған және сыйлық бермеген емделушілерде өздеріне азырақ қамқорлық көрсетіледі деген ой тууы мүмкін. Сыйлықты көрсетілген қызметке айырбас ретінде алуға және беруге болмайды. Сыйлықты қолма-қол ақша түрінде немесе бағалы сыйлық түрінде алуға тыйым салынады;

– Медициналық қызметкерге дәрілік заттарды өндіруші фирмалардан және таратушылардан ұсынған дәрілерін науқастарға тағайындау арқылы ынталандыру сыйлықтарын алуға болмайды. Сондай-ақ, медициналық мекеме аймағында компания логотипі саудалық атауы бар заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді;

– Медициналық қызметкер өз қызметін, емдеушінің эмоционалдық жағдайын пайдаланып, емделушімен мүліктік келісім-шарт жасауға, оның еңбегін жеке мақсатқа пайдалануға, сондай-ақ, болсалаушылықпен және парақорлықпен айналысуға құқығы жоқ;

– Медициналық қызметкер емдеу курсын емделушіге тағайындау кезінде қолданып жатқан дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар туралы анық емес, толық емес және бұрмаланған ақпарат беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар, емделушіден бағасы арзанырақ дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бар екендігін жасырмауы тиіс.

Кәсіби тәуелсіздік

– Медициналық қызметкердің құқығы мен міндеті – өзінің кәсіби

тәуелсіздігін сақтау;

– Жаңа туған нәрестелер мен қарияларға, әскер мен азаматтық

тұлғаларға, жоғары шентегі басшылар менқамауда жатқан азаматтарға, медициналық көмек көрсете отырып, медициналық қызметкер бар жауапкершілікті өз мойнына алады, сондықтан, әкімшіліктің, емделушінің немесе басқа да тұлғалардың тарапынан жасалатын қысылымдарды қабыл алмауы тиіс;

– Егер, медициналық қызметкерден Қазақстан Республикасының

Заңнамасына, этикалық ұстанымдарға, кәсіби міндеттеріне қайшы келетін іс-әрекеттерді тұлғамен жасалатын ынтымақтастықтан бас тартуы тиіс;

– Медициналық қызметкер сараптамаларға, консилиумдерге,

комиссияларға, кеңес берулерге қатыса отырып, өз ұстанымын анық, әрі ашық түрде білдіруі тиіс, өз қөзқарасын ұстануы қажет. Ал, оған қысым көрсетілген жағдайда заңды және қоғамдық қорғауға жүгінуі қажет.

Медициналық қызметкер мен емделушінің қарым-қатынасы.

Емделушінің абыройы мен ар-намысын құрметтеу.

– Медициналық қызметкер емделушінің абыройы мен ар-намысын

құрметтеп, оған және оның жақындарына ықыластықпен және сабырлықпен қарауы тиіс;

– Емделушіге дөрекілік пен ізгіліксіз іс-әрекет танытуға, адами

абыройын кемсітуге жол берілмейді. Сонымен қатар, медициналық қызметкердің емделушіге екіншісінен артық көруіне немесе жек көруіне болмайды;

– Туысқандары мен жақындарының науқас жағдайына байланысты қамығуларына түсінік таныту қажет, алайда медициналық қызметкер емдеушінің жеке ісі мен жанұясының мүшелерінің тіршілігіне кәсіби себепсізден араласпауы тиіс;

– Медициналық қызметкер емдеушіге медициналық көмек көрсету кезінде оның еркіндігі мен абыройын қатты шектемеуі тиіс;

Емдеуші, қоғам емдеуші, жанұя т.б. сол секілді шиеленістер орын

алғанда медициналық қызметкер емделуші мүддесін қорғауы тиіс. Алайда оның мүддесі емдеушінің өзінің немесе қоршаған ортасына тікелей зиянын тигізбеуі тиіс;

– Емдеуші медициналық қызметкердің өзі туралы сеніп тапсырылған

ақпаратты және медициналық ақпаратты сақтайтындығына сенім артуға құқылы. Медициналық қызметкер емделушінің немесе оның заңды уәкілінің рұқсатынсыз тексеру мен емдеу барысындағы мәліметтерді, сондай-ақ, медициналық көмекке жүгінгендігі туралы мәліметті жарияламауы тиіс;

– Медициналық қызметкер медициналық құпия жария болмас үшін

шаралар қолдануы қажет. Емделуші өлімі медициналық құпияны ашуға негіз болып табылмайды. Медициналық құпияны ашуға Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана жол беріледі.

– Емделуші өзінің денсаулық жағдайы туралы жан-жақты ақпаратты

алуға құқылы, алайда бұл ақпаратты білуден бас тартуына болады немесе денсаулық жағдайы туралы ақпаратты көрсете алады;

– Денсаулық жағдайы туралы ақпарат емделуші денсаулығына үлкен зиянын тигізуі мүмкін болған уақытта жасырын сақталады. Егер, емделуші табанды түрде талап ететін болса, дәрігер оған толық ақпаратты беруге міндетті. Егер, жасалган болжам жағымсыз болса, ақпаратты емдеушіге сыпайы түрде және абайлап жеткізуі қажет. Өмір сүруге деген сенімін ұялату керек;

– Егер, емделуші саналы түрде өз келісімін беруге қабілетсіз болса, келісімді оның заңды уәкілі немесе емделушінің қамқоршысы бере алады.

Дәрігерлік құпия

  1. Әр емделуші жеке құпияларының сақталуына құқығы бар.

Сондықтан дәрігер мен медициналық қөмек көрсетуге қатысқан басқа да тұлғалар емделушінің өлімімен кейін де дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті. Егер науқас қалауы басқаша болмаса, емделушінің медициналық көмекке жүгіну фактісі де құпия сақталуы тиіс.

  1. Құпия науқастың қаралуы мен емделуі барысындағы барлық

мәліметтер бойынша (диагноз, емдеу әдістері, болжам және т,б) сақталуы тиіс.

  1. Емделуші туралы ақпарат ашылуы мүмкін:
  • емделуші өзі анық жазбаша келісімін бергенде;
  • тергеу, жауап алу органдарының, прокуратура мен соттың дәлелді

талап етулері бойынша;

  • егер, құпияның сақтау емделуші мен (немесе) басқа тұлғалардың

өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндірсе (қауіпті инфекциялық аурулар);

  • емдеуге басқа да мамандарды тарту кезінде маман үшін аталған ақпарат кәсіби қажетті болып табылады.
  1. Науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияның

сақтауын дәрігер қадағалауы тиіс.

  1. Медициналық ақпаратқа қолы жетімді тұлғалар емделуші туралы

алынған ақпаратты құпия сақтауға міндетті.

  1. Ғылыми зерттеу, студенттерді оқыту мен дәрігерлер біліктілігін

жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Тек науқас өз келісімін бергенде ғана оны көрсетуге болады.

Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы

– Медициналық қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас

өзара сыйластыққа, сенімге құрылып, емделуші мүддесінің сақталуымен ерекшеленуі тиіс;

– Медициналық қызметкер қызметкерлермен шынай, адал, әділ,

тілектес, парасатты болуы керек, олардың білімі мен тәжірибесіне құрмет білдіріп,сондай-ақ, олармен өз білімі және тәжірибесімен бөлісуге адал ниетпен дайын болуы қажет;

– Медициналық қызтемкерлерге басшылық жасау жоғары деңгейлі кәсіби біліктілік пен үлкен адамгершілікті талап етеді;

– Қызметтесіне айтылатын сын дәлелді болуы керек және оны ренжітпеуі тиіс. Қызметтестердің тек кәсіби іс-әрекет ғана сынға алынуы тиіс, алайда жеке тұлғасын сынға алуға болмайды. Әріптестердің беделін түсіру арқылы өз беделін көтеруге тырысуға жол берілмеуі тиіс. Медициналық қызметкер әріптестері туралы және олардың жұмыстары туралы емделуші мен оның туысқандары алдында жағымсыз сын-пікір айтуына құқығы жоқ;

– Медициналық қызметкер өмір бойы өзін осы емдеу өнеріне баулыған адамдарға қызмет көрсетіп, алғыс білдіруі тиіс;

– Медициналық қызметкер өзіне қандай қарым-қатынасты талап етсе, әріптестеріне сондай қарым-қатынас жасауы тиіс;

– Медициналық қызметкер көпшілік алдында басқа дәрігердің кәсіби біліктілігіне күмән тудырмауы немесе тағы басқа жолдар арқылы кемсітпеуі қажет;

– Ауыр клиникалық жағдай кезінде дәрігерлер бір-біріне әдепті түрде кеңес беріп, көмек көрсетуі қажет. Емдеу барысына бар жауапкершілікті емдеуші дәрігер мойнына алады, сондықтан, науқас жағдайын басшылыққа ала отырып, берген кеңесті қабыл алуына немесе одан бас тартуына болады. Дәрігер басқа әріптестерінің науқастары өзіне келуі үшін жағдай жасамауы тиіс.

Әл үстінде жатқан емделушіге рухани көмек көрсету.

Медициналық қызметкер әл үстінде жатқан науқастың ауру азабын

жеңілдету үшін барлық қол-жетімді және заңды тәсілдерді пайдалануға міндетті.Медициналық қызметкер емделушінің қалауы бойынша кез-келген діни қызметкерлердің рухани көмегін пайдалана алатындығына кепілдік беруі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

1) Бұл Кодекске барлық медициналық қызметкерлер міндетті

түрде бағынуы тиіс.

2) Кәсіби этиканың бұзылуына жауапкершілік деңгейін этикалық

комитет анықтайды.