контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Статья о туберкулезё 2020 г.
05-03-2020 15:17

Тақырыбы: Өзіңді туберкулезден қорға

Туберкулез (латынша Tuberculum– бұдыр) - әртүрлі органдарды зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Тырнақтар мен шаштан басқа адам организмніңбарлықоргандарын, ұлпаларын зақымдап, туберкулездіңөкпеден тыс түрлерініңдамуы мүмкін.

Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы Кох.

 

Аурудің   берілу    жолы

1. Ауа арқылы

Жұқтырудыңнегізгі көзі – туберкулездіңашықтүріме

аыратын науқас, оныңқақырығымен туберкулез таяқшалары бөлінеді. Түберкулездіңашықтүрімен ауыратын науқас емделмесе, жылына орта есеппен 10-15 адамға туберкулездертін жұқтыруы мүмкін.

2 . Алиментарлық    жолы

Құрамындатуберкулез таяқшалары бар шикі сүт және басқа сүт өнімдерін қолданғанда.

3.Контактный

Сондай-ақауру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауыруы мүмкін.

Туберкулезге шалдыққан кезде бұл маңызды дерттіңдамуына және

оныңауыр өтуіне ықпал ететін бір қатар факторлар бар:

                * әлеуметтік – тұрмыстықорта;

                * құнарлы тамақтанбау;

                * психологиялықкүйзелістер;

                * қосарлана дамыған дерттер (қант диабеті, ойық-жара ауруы,

                   өкпеніңсозылмалы спецификалықемес дерттері, ВИЧ/СПИД)

                * зиянды әдеттер (алкоголь, темекішегушілік, есірткілер).

       Туберкулездіңнегізгі белгілері:

                * 2 апта бойына жөтелу;

                * тәбеттіңжоғалуы;

                * арықтау;

                * түнде терлеу;

                * температураның37,0-тан 37,5 С дейін көтерілуі;

                * жалпы әлсіздік, қажып-шаршау;

                * кеуде клеткасыныңшаншуы;

                * қантүкіру.

Туберкулез профилактикасыныңшаралары:     

 

1.Салауатты өмір салты: құнарлы тамақтану (тамаққа етті, сүт өнімдерін, балықты, дәнді дақылдарды, көкөністермен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану), үнемі денешынықтырумен айналысу, жақсы демалу, салауатты қоршаған орта, темекі шегуден, алкогольден, есірткілерден бас тарту.

2.Туберкулезді дер кезінде, уақытымен диагностикалау және емдеудіңтолықкурсы аяқталғанға дейін емдеу.

3.Сәби туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинациялау.

4.Жеке гигиена ережелерін сақтау (жуу құралдарын және ағынды суды пайдаланып қолдарды, ыдысты жуу, тұрғын бөлмелерді сулы шүберекпен сүрту және желдету)

5.Гигиенаныңжеке құралдарынжәне ыдысты қолдану.

6.Үйлердегі вентиляцияны жақсарту.

 

                                  «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ МКК

 Фтизиатр- дәрігері

В.И. Сергеев