«Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында короновирустық инфекцияның алдыналу жөніндегі шараладыода нәрікүшейту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Бас Мемлекеттіксанитарлықдәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысынасәйкес,Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарын, «Саби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеу өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.
Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kzсайтында сауалнама толтыру қажет.Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.
Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтау тиіс, ол:
- Нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
- Қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
- Маска киіп келу;
- Емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.
Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.
- IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.
- IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.
Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.