контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Острые кишечные инфекции
04-06-2020 11:24
Острые кишечные инфекции

Тақырыбы: Жедел ішек  инфекцияларының   алдын алу шаралары және  алғашкы көмек  көрсету

Жедел ішек инфекциялары  бүл бактериялар,вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметіннің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру.

Бұл әлемде  ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. 

Барлық  ересектердің, әсіресе, балалардың  дизентериямен,сальмонелезбен,колиэнтеритпен  және басқа да жедел ішек  инфекцияларымен  ауырмаған  бірде  бір ел жоқ. ДДҰ (дүние жүзілік  денсаулық  сақтау ұйымының  мәліметтері бойынша  жылына ішек  инфекцияларынан емізүлу жастағы  3 миллионға жуық  бала  қайтыс   болады.  Жұқпалы жедел ішек ауруларының  бас  көтеретін  мезгілі  қазіргідей  жаз айлары боп есептеледі.

  Ішектің ауруға  шалдығуынан , кейде іштің  бұзылуы  организмнің  кейбір тағамдарды қортылмауымен байланысты .Ішек инфекциясы жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, коздырғыш ішекте өсіп жетеледі де, микробтарын  нәжіспен  ілесіп сыртқы ортаға тарайды.                                                     

Инфекция гигиеналық  тазалықтың  төмен дәрежеде  болуынан ,азық- түліктерден ,мәселен ,жуылмаған көкеністерден,пісірілмеген  сүттен,      

Сапасыз тағамдарды пайдаланганнан, шала пісірілмеген тағамдарды қолдану,сондай-ақ ауыз суды қайнатпай  ішкендіктен,лас  суға тускендіктен жұғады . Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда  шыбындар таратады.

Аурудың  алғашкы белгілері:

Іштің жиі-жиі  суда өтуі ,денеқ ызуының көтерілуі емшектен бас тарту ,

Асқа тәбет болмау ,шөлдеу ,кұсу,бас ауру, жалпы әлсіздік, селкостық, мазасыздық,ауырсыну,дәретіне қан қоспасының   немесе клегейдің  пайда болуы.

Науқаста  кайтаймалы құсық ,іш өткен сайын баланың  жағдайы  ауырлай түседі.

Өйткені,организм  өзіндегі  тіршілікке  қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады.Жоғарыда айтылған  клиникалық  белгілер пайда бола бастаса   дәрігерге  көрінуі керек.

Мұндай кезде  дәрігер  келген шенемесі жеткенге  дейін біраз уақыт  кетеді. Сондықтан  мүмкіндігінше  ем жасай бастаған жөн. Ол үшін  сүйықтықты  мол көбірек ішкізген жөн.

Өздігінше  емделу аурудың  асқынуына  әкеліп соғуы  немесе  созылмалы формаларына ұласуы мумкін.  Антибиотик  қабылдау сыркаттың клиникалық  сипатын  өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз

Қоюды қиындатады.

Емі:

Жоғалған сұйықтықтың орнын  толтыру ушін қолданады: емшек сүті ,айран,ұнтакталған  жемістер , сорпа , күріш суы,суық шайы,кисель, қайнатылған және салқындатылған су ауыз арқылы  ішетін тұзды –минералды  су ертіндісі. Рационнан ішекте ашитын немесе  асқазан-ішек  жолын  тітіркендіретін азықтар (сүт,кепкен ,Қуырылған тағамдар,

майлы ,ащы тағамдар) шығарылып  тасталады. Оральды регидратациялы  ертінді  қолданған жөн .Ұнтақтың  1 пакеті қайнатылып ,бөлме температурасында  суытылған  1 литр суға дайындайды.  Дайын ертіндіні  балаға  әрбір  3-5 минут сайын1 шай касықпен  беру керек. Егер құспаса,аз –аздан жиі ішкізу болады.

Ертінді  әрбір күнге  жаңадан  езіліп беріледі. Осы  айтылғандарды мұхият  орындасаңыз,балаңыздың  іш өтуі тиылуы мүмкін.Егер осы айтылғандардан нәтиже болмаса, жиі сүйық  нәжіс,қайталмалы құсу,қызба, шөлдеу,егер сұйық   ішпесе, тамақтан бас тартса, онда ауруханаға  жатқызылуы  тиіс.

Алдын алу шаралары:

Ішек инфекциялары бұрынғы  заманнан бері  кір қолдың ауруы  деп аталып келіп, онымен салақ адамдардың  жиірек  ауыратынын дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойы қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз,айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті  сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз,неше  түрлі  адамдар ұстаған  қоғамдық мекемелердің  есік тұтқасын ұстаймыз ,дүкендерде сауда жасағанда  сатушымен, көлктерде  кондуктормен есеп айырысамыз,ақша санасамыз,таныстарды көргенде  қол беріп амандасамыз.Осыдан  келіп, «жұмыстан,серуендеуден  уйге келгенде ,тамақ дайындаудың,3шер алдында ,сондай-ақ  балалармен ойнарда  және оларға күтім жасағанда  колыңызды   сабындап мұхият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай    қарапайым ережелермен  сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де  әрөтүрлі инфекциялардан қорғай  аласыз.Ішек инфекцияларың пайда болу болуының алдын алу үшін тағамдық азық-түлектердің  жарамдылық  сапасы өте  маңызды- көптеген тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін  сақтапқана қоймай,олар ауру  тудыруышы қасиетімен адамның қолы мен тағамды  аузына апарғанда  асқазан –ішек жолына  кір қол арқылы,ластанған  су арқылы сапасыз азық-түліктер  арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді.

Әсіресе,тұтынар алдында  термиялық  өндеуден өтілмейтін тағамдар өте қауыпты.

Ондай тағамдар салаттар, винегредттер, сондай-ақ   жемістер мен жидектер жатады.Салаттар мен винегредттерді,әр-түрлі тұздықтар мен гарнирлерді  тоңазыткышсыз  түнге қалдыруға  болмайды.

Жаз және күз  маусымында  сүт  және сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың  туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан  сатып алған  құылып  сатылатын   сүтті міндетті түрде  қайнату  керек. Жеке адамдардан сатып алынған құйылып сатылатын  сүтті  міндетті түрде  қайнату керек.

Ал пастерленген  ірімшіктен пісірмелер, пудингтер,сырниктер дайындаған дұрыс.

Дайын тағам  калдықтарын міндетті түрде  тоңазытқышта беті жабық  ыдыста,шикі   мен дайын тағамды  бөлек ыдыста сақтау керек, оларды

Бөлек тақтайдарда  арнайы пышактармен  бөлу керек.

Бұл ретте тұрғындарды  жуылмаған  және  бұзылған көкеністерді, жемістермен жидектерді ,қауын қарбұзды  тағамға қолданбауға шақырамыз.

Өкінішке қарай, қаладағы  арнайы емес   орындардағы,сауда бойынша  ахуал аз емес. Өзіңіз білетіндей  және  көріп жүргендей,азық-түлік  өнімдері  жерден  қолмен,арнайы киімсіз  санитарлық кітапшасыз  сатылады.Бей-берекет сауда, ауру тудырушы  бактериялардың  тағамды азық-түліктерде  өміршеңдігі  мен көбеюіне  және  таратылатын  азық- түліктерде өміршеңдігі мен көбеюіне  және  таратылатын  азық-түлек өнімдерінің(жеке адамдар сататын  салаттар,тандыркүлшелер мен  тандырсамсалар,бәліштер,түскі астар мен әртүрлі сусындар ішек инфекциялары мен сальмонелезбен сырқаттанған  адамдарға  жүргізілген  талдаулар  бойынша, соңғы кездері жұмыртқаны  және тауық етін тұтыну  мен  байланысты жағдайлардың жиеленгенін көрсетіп отыр.Дүкендерде тауық еті сатылғанда +2+ 3 градус температурада  2 тәуліктен артық  болмауы керек, бөлме температурасында, жұмыртқа  25 тауліктен артық  сақталмауы керек. Құс еті  мен жұмыртқаны сатып  алғанда, олар қорапта  болса да,бөлек пакеттерге салу керек. Өнімдердің жаксылап қуырылуы  мен қайнатуылына  көңіл бөліңіз.Етті қайнатқанда ірі кесек  жасамай  1 сағаттан кем емес,жұмыртканы  15 минуттан  кем емес  қайнату керек (осы уақыт аралығында сальмонелаллар  толығымен жойылады).

Жұмыртқаны шикі немесе шала  қайнатылған күйінде  қолданбаңыз.

Сіз білесіз бе ,кездейсоқ  жерлерден  су іше салу және ластанған,шомылуға арнайы  көрсетілмеген  жерлерде  шомылу  сіздің  денсаулығыңыз үшін  өте қауіпті.Ауру жұктырмас үшін,маңызды гигиеналық  дағдыны әдетке  айналдыру  керек-суды тұтынар алдында  кішкентай бір  күдігіңіз болса, оны міндетті  түрде қайнатыңыз  немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.

Ал ең кішкентай нәрестелерге  келсек ,оларды  аурудан сақтау  үшін қарапайым  санитарлық –гигиеналық  ережелерді, оларды күту  кезінде:

Баланы әр бір  тамақтандырар  алдында  және  тамағын дайындар алдында  қолды  жаксылап  сабындап  жуу керек, оның әрбір затын,ойыншықтарын бөтелкесі  мен емізіктерін  таза  жағдайда ұстау керек.

Аурудың себептерін анықтау  барысында  көптеген аналар ,әсіресе жас аналар, балалар коспасына арналған  бөтелкені  ыстық сумен шаюдың орнына  бірнеше  рет  қолданатындықтарын  айтады.

Балалар арасындағы  ішек инфекцияларының  басты себебіне  балалар қоспалары мен шырындарын тоңазыткышқысыз сақтау  да  себеп болып отыр,олардың сақтау да себеп болып отыр,олардың  сақталу  температурасы +8 с аспау керек.

Ішек инфекцияларының  алдын алуға болады және алдын алу керек.

Кейжағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауып тудыруы мүмкін. «Сол үшін ауырып ем іздегенше,ауырмайтын  жолізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоймайды.

«Тереңқөл аудандық ауруханасы»

МКК  ШЖҚ КМК