Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
семинар
30-01-2026 09:59
Біздің медициналық ұйымымызда семинар өтті
Семинар аясында медициналық тәжірибенің өзекті мәселелері қарастырылды:
Миокард инфарктынан болған өлім-жітім жағдайларына талдау жасалып, пациенттің медициналық көмек алу маршруты қаралды (ДА Песчаное, ФАП Байконыс).
БЖАИБ (Балалар жасының ауруларын интеграцияланған басқару) шеңберінде балалар жарақаттануының алдын алу мәселелері талқыланды. Баяндамамен педиатр-дәрігер Есенқұлова А.Қ. сөз сөйледі.
Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ халық арасында аурулар мен жарақаттардың алдын алуға бағытталған.
Семинарға қатысқан барлық қызметкерлерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.