Педиатриялық көмекті ұйымдастырудағы өзгерістерді талқылауға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіруді қажет деп санайды: бұл педиатриялық учаскелерді қысқарту және жүйені әлсірету туралы емес, балаларды медициналық қолдаудың жаңа кеңейтілген кешенді моделін енгізу туралы.
Баланы кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және мамандандырылған көмекті күшейту үшін өткен жылдың маусым айынан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда 366 педиатриялық бөлімше ашылды.
Педиатриялық бөлімшелерді құру:
* туғаннан бастап балалардың денсаулығын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
* даму бұзылыстарының ерте диагностикасын күшейту;
* көпбейінді тәсілді енгізу;
* жалпы практика дәрігерлері мен педиатрлардың арасындағы үйлестіруді арттыру;
* мамандандырылған көмекті отбасының тұрғылықты жеріне жақындату.
Педиатриялық бөлімшелердің құрамына мыналар кіреді:
* педиатрлар кабинеттері;
* Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО), соның ішінде:
o патронаждық қызметтің дәрігер-супервайзерінің кабинеті;
o мейіргер кабинеттері;
o баланы дамыту жөніндегі мамандар;
o тамақтану жөніндегі ресурстық орталық;
o Шу оқшаулағышы бар аудиологиялық скрининг кабинеті;
* егу кабинеті;
* мектеп медицинасы кабинеті.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя