контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Туберкулез туралы не білу керек?
13-03-2026 08:58
Туберкулез туралы не білу керек?

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі төмендеуін жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңа жағдайлар саны 10,6%-ға азайып, 6740 жағдайдан 6130 жағдайға дейін төмендеді, ал өлім-жітім шамамен 10%-ға қысқарды. Бұл - жүйелі профилактикалық жұмыстың, ерте диагностиканың және емдеудің қолжетімділігінің нәтижесі.

24 ақпан мен 24 наурыз аралығында елімізде туберкулездің алдын алуға арналған айлық өтуде. Ол жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылады. Айлықтың мақсаты - халықтың ауру туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңызын түсіндіру.

2026 жылы ақпараттық науқан «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз! Қазақстанның көшбасшылығы. Инновациялар және адамдардың күші» ұранымен өтуде. Бұл мемлекет, медицина қауымдастығы және қоғам күшін біріктірудің маңыздылығын көрсетеді.

Туберкулез - туберкулез микобактериясы (Кох таяқшасы) қоздыратын жұқпалы ауру. Көбіне ол өкпені зақымдайды, алайда инфекция лимфа түйіндеріне, сүйектерге, буындарға, несеп-жыныс жүйесіне және жүйке жүйесіне де әсер етуі мүмкін.

Қауіп тобына туберкулезбен ауыратын адаммен ұзақ уақыт байланыста болған адамдар, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген, созылмалы аурулары бар адамдар, темекі шегетіндер және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар жатады.

Туберкулез дер кезінде анықталса, толық емделетінін мамандар еске салады. Ерте диагностикалау ауруды тиімді емдеуге және оның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.