Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы 1–4 күні енгізіледі.
Бұл вакцина туберкулезден толық қорғамаса да, кішкентай балаларды аурудың ауыр және өмірге қауіпті түрлерінен қорғайды. Олардың ішінде ең қауіптілері - туберкулездік менингит пен диссеминацияланған (жайылған) туберкулез. Бұл түрлері көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
Манту сынамасы не үшін қажет?
Манту сынамасы - екпе емес, диагностикалық тест. Ол ағзаның туберкулез микобактериясымен (Кох таяқшасымен) байланысы болған-болмағанын анықтауға көмектеседі.
Манту сынамасы 2 айдан асқан, перзентханада БЦЖ егілмеген балаларға жүргізіледі.
Егер нәтиже күмәнді немесе оң болса, вакцинация кейінге қалдырылып, бала фтизиатрдың кеңесіне жіберіледі.
Манту сынамасы кімдерге жыл сайын жасалады?
Жыл сайын тексеруден тәуекел тобына жататын балалар өтеді:
• иммун тапшылығы немесе созылмалы аурулары бар балалар
• әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардағы балалар
• 2 айдан асқан, БЦЖ егілмеген балалар
• вакцинадан кейін тыртық қалыптаспаған балалар
Ал туберкулезбен ауыратын адаммен байланыста болған балаларға Манту сынамасы жылына екі рет жүргізіледі.
ТРА тесті деген не?
ТРА - қосымша диагностикалық тест. Ол Манту сынамасынан кейін нәтижені нақтылау қажет болған жағдайда жүргізіледі.
БЦЖ вакцинасы, туберкулезді анықтау әдістері және қарсы көрсетілімдер туралы толық ақпаратты WWW.EGU.KZ сайтынан оқи аласыз.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя