контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
26-03-2026 09:35
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

 Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді.
Осы күн кездейсоқ таңдалған жоқ, дәл осы күні, 140 жылдан астам уақыт бұрын, Роберт Кох аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериясын ашқаны туралы мәлімдеме жасады.

 Соңғы 5 жылда Павлодар облысында туберкулезбен ауыратын науқастардың белсенді контингенті 36% -ға (2021 жылы 561 адамнан 2025 жылы 359 адамға дейін) азайды.
10 жыл ішінде сырқаттану көрсеткішінің 39,6% -ға төмендеуі тіркелді. Сондай-ақ жыл сайын таралушылық пен өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді.

Туберкулез – бұл ауа-тамшы жолымен жұғатын жұқпалы ауру. 
2-3 апта ішінде жөтел, 37-37,5ºС шегіндегі температура, арықтау, кеуде қуысындағы ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, шаршау сияқты аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу учаскелік терапевтке жүгініп, туберкулезге тексеруден өту қажет.

 Туберкулезге күдікті жағдайда қақырық алу және кеуде қуысына рентгенография жүргізіледі.
Біздің облыста ПТР-диагностика (Gene-Xpert) сияқты диагностиканың ең озық технологиялары бар, ол 2 сағат ішінде пациентте туберкулез бар ма және егер бар болса, онда қандай түрі дәріге төзімді немесе дәріге сезімтал деген 2 сұраққа жауап береді.
Gene-Xpert қақырығын зерттеу әдісі МСАК деңгейінде қолжетімді және тегін жүргізіледі, тиімді емді уақтылы тағайындау үшін туберкулезді ерте анықтау мақсатында қолданылады.

 Азаматтар өз денсаулығын мұқият қадағалап, жыл сайын тұрғылықты жері бойынша емханаларда флюорографиялық тексеруден өтуі қажет.
Қазақстан Республикасында туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тиісінше мүлдем тегін жүргізіледі.

 Есіңізде болсын: уақтылы анықталса және үздіксіз емделсе, туберкулезді толығымен емдеуге болады. Өзіңе қамқор бол!