Алаяқтықтың алдын алу
Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Самаров Марат Кабиденұлы медициналық қызметкерлермен алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілдері қарастырылып, жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сергек болыңыздар және күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя