контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Жоспарлы госпитализация Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қалай жүзеге асырылады?
07-04-2026 11:59
Жоспарлы госпитализация Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қалай жүзеге асырылады?

 

Пациент өзіне тіркелген емханадағы дәрігерге жүгінуі қажет. Егер көрсетілімдер болса, емдеуші дәрігер тексеру жүргізіп, барлық қажетті диагностикалық зерттеулерді тағайындайды.

Госпитализация қажет болған жағдайда дәрігер жолдама рәсімдейді. Бұл ретте пациент өз дәрігерімен бірге медициналық ұйымды таңдау құқығына ие.

Одан әрі емдеу хаттамаларына сәйкес, пациентті «Госпитализация бюросы» порталына кезекке қою үшін қажетті тексерулер тізімі ұсынылады.