Тереңкөл ауданының ауруханасында оқыту семинары өтті
КГП на ПХВ «Тереңкөл ауданының ауруханасы» базасында «Ұлттық аккредиттеу жүйесі және аккредиттеу стандарттары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Оны Ұлттық медициналық білім орталығының мамандары ұйымдастырды.
Семинарды медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы сертификатталған сарапшылар жүргізді:
Дусекеевa Дина Ерғалиевна
Асенова Ляззат Хасеновна
Оқыту барысында медициналық қызметкерлер ұлттық аккредиттеу жүйесінің талаптарымен, қазіргі заманғы сапа және медициналық көмек көрсету қауіпсіздігі стандарттарымен танысты, сондай-ақ медициналық ұйымды аккредиттеуден өткізуге практикалық ұсыныстар алды.
Қатысушылар белсенді түрде талқылауларға қатысты, практикалық жағдайларды қарастырды және қызықты сұрақтарға жауап алды.
Мұндай оқыту шараларын өткізу медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя