контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша семинар
16-04-2026 10:27
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша семинар

Мекемеде интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өтті . Қатысушыларға интернеттегі алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері және жеке деректерді қорғау жолдары туралы айтылды.

Мамандар алаяқтардың қалай әрекет ететінін түсіндірді:
телефон арқылы қоңырау шалу
 мессенджерлер арқылы хабарламалар жіберу
 жалған сайттар мен күмәнді сілтемелер
 банк картасының деректерін алуға тырысу

Семинар барысында қатысушыларға қауіпсіздік ережелері еске салынды:
 банк картасының деректерін және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпау;
 күмәнді сілтемелерге өтпеу;
 белгісіз дереккөздерден келген ақпаратты тексеру;
 күрделі құпиясөздер мен екі факторлы қорғауды қолдану.

Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі