Тереңкөл ауданының ауруханасының медицина қызметкерлері «Адам және дәрі – Қазақстан» халықаралық конгресі халықаралық конгресіне қатысты. Бұл конгресс жыл сайын денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарын, ғалымдарды және тәжірибелік дәрігерлерді біріктіретін маңызды ғылыми алаң болып табылады.
Конгреске біздің аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлері қатысты:
• Сейтова Акмаржан Ауелбековна – Томарлы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері
• Маженова Маржан Нурлановна – Береговое дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері
Конгресс барысында заманауи медицинаның өзекті мәселелері, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері, сондай-ақ аурулардың алдын алу және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар медицина саласындағы жаңа технологиялар мен озық тәжірибелермен алмасу мүмкіндігі болды.
Осындай халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шараларға қатысу медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және жаңа білімдерді күнделікті тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя