Тереңкөл аудандық ауруханасында Еуропалық иммундау апталығы аясында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында профилактикалық екпелерді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды. Мамандар иммундауды жүргізудің негізгі талаптарын, профилактикалық екпелерден бас тартудың алдын алу жолдарын, сондай-ақ иммундаудың қауіпсіз тәжірибесін қарастырды.
Сонымен қатар Қазақстандағы адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл вакцинация онкологиялық аурулардың алдын алуда және халық денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Осындай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға және халықтың вакцинацияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя